«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Салт-дәстүр сабақтастығы

0 33

Нұр-Сұлтан қаласында «Мәңгілік дәстүр мен салт-сананың сәйкестігі» тақырыбында көрме өтті. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткен шараны «Тарих және мәдени мұра орталығы «I – QAZAQ» қоғамдық қоры мен Нұр-Сұлтан қаласының «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі ұйымдастырды.

Жастарға қазақ мәдениетін насихаттау, ұлттық өнімдерді таныстыру мақсатында өткен шараға жоғары оқу орындарының түлектері қатысып, шеберлер қолынан шыққан қазақы бұйымдармен танысты. Бұрынғыға мұрагер, кейінгіге бұйдагер болған шеберлер оларға кестелі әшекей бұ­йымдардың тігілу әдісін таныстырды.
– Бүгінгі көрменің көлемі шағын болғанымен, ұрпақтарға беретін тәрбиесі мол. Өйткені ұлтымыздың қолөнерін, әсіресе, қазақ әйелдерінің қолынан шыққан ұлттық бұйымдарды заманға сай дәріптеп, насихаттап отырмаса, дәстүр жалғасы үзіледі. Мен өзім суретші болсам да, қолөнер бұйымдарын тігумен айналысқаныма отыз жылдан асты. Бүгін өз қолымнан шыққан өнімдерді жастарға таныстыру құрметіне ие болдым. Ұлттық құндылықты ұлықтаған осындай іс-шаралар көбейе берсін, – деді он сау­сағынан өнер тамған қолөнер шеберлерінің бірі Үкіжан Қалиақпарқызы.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды