«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Салғырттықтың салдары емес

0 52

Әкімдікте өткен брифингте перифериялық катетер қойғаннан кейін он бір айлық сәбидің аяғы не себепті ісіп, қызарып кеткеніне медицина тұрғысында түсініктеме берді. Осының алдында науқастың анасы әлеуметтік желілерде дәрігерлердің салғырттығы жөнінде мәлімдеме жасаған болатын.

Қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының ақпаратына сәйкес, 2018 жылдың желтоқсан айында Жамбыл облысынан туа біткен жүрек ауруы бар 11 айлық сәбиді Астанадағы Ұлттық кардиохирургия орталығына жоспарлы ота жасау үшін алып келген.
Бүгінгі күнде баланың денсаулығын түзеп, оның аяғын аман алып қалу үшін барлық ем-шаралар жасалып жатыр. «Бұл асқыну құрғақ гангрена деп аталады. Табаны немесе бақайларын ампутациялау туралы айтуға ерте, біз табанның өзін немесе бір бөлігін кесіп алып тастау үшін нақты көрсеткішін көріп отырған жоқпыз. Мәселе ашық шешілген жоқ. Науқастың соматикалық мәртебесі алдыңғы орында тұрғанын ескеріп, біз күн сайын кардиохирург, ангиохирург, реаниматологтар және т.б. мамандармен консилиум өткізіп тұрамыз» деді Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығының №1 ортопедия бөлімінің меңгерушісі Болат Нағыманов.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды