САДРИДДИН – АЛТЫН ЖҮЛДЕГЕР

Астаналық боксшы Садриддин Ахмедов Бангкокте өткен Король Кубогы турнирінде чемпион атанып, абыройы асты.

2343

Халықаралық турнир 3-8 сәуір аралығында өтті. Оған әлемнің 18 елінен 120-дан аса спортшы қатысты.Жастар арасында былтыр әлем чемпионы атанған Садриддин алғашқы айналымда Түркіменстанның боксшысын қапы қалдырса, одан ке­йін тайландтықты жолдан тайдырды. Жартылай финалда филиппиндік Жоэль Бахомен кездесіп, нәтижесінде біздің боксшы мықты болды.Ал финалда оны Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері, Данияр Елеусіновпен алтынға таласқан Шахрам Гиясов күтіп тұрды. Бірақ бокстың көрігін қыздыратын бұл кездесу өтпей қалды. Өзбектер жұдырықтасудан бас тартты. Олар өз елінде өтетін доданы ойласа керек.Ахмедовтің жеке бапкері Мәулет Мұстафин халықаралық деңгейдегі мұндай жеңіс боксшының мәртебесін асыра түсетінін айтты. Садриддиннің аздап жарақаты болды, бірақ соған қарамастан, бар күшін жинап, нағыз мінез көрсетті. Сөйтіп, қазақтың салмағы 69 келіде тағы чемпион атанды. Жалпы командалық есепте Қазақстан үшінші орынға тұрақтады. Қазір боксшылар Ташкентте өтетін Азия біріншілігіне дайындалып жатыр. Турнир 29 сәуір мен 7 мамырдың аралығында өтеді.

Орынбек ӨТЕМҰРАТ 

Сонымен қатар

ЕЛ БІРІНШІЛІГІНІҢ ЕҢ БІРІНШІЛЕРІ

Шымкент қаласында өткен бокстан Қазақстан чемпионаты өз мәресіне жетті. Он күнге созылған бәсекенің он салмақ …

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған