«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Рұқсатсыз жарнамаға жол берілмейді

0 9

Нұр-Сұлтан қаласында Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының бастамасымен «Тіл тазалығы – баршаға ортақ іс» атты акция өтіп жатыр.

2019 жылдың сәуір-мамыр айларында акция аясында қаланың 68 көше мен 14 даңғылында орналасқан шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері қамтылды. Сондай-ақ кәсіпкерлерге заңнама талаптары түсіндіріліп, кемшіліктер түзелді. 400-ден астам рұқсатсыз орналастырылған жарнама нысан алынып тасталды.
Акцияның аралық қорытындысы арнайы ұйымдастырылатын «дөңгелек үстел» отырысында жарияланады. Оған Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің басшылығы, Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты комитеті, Нұр-Сұлтан қаласының прокуратурасы, қалалық кәсіпкерлер палатасы, елорда аудандарының әкімдіктері, Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары, Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармалары және т.б. мемлекеттік мекемелерінің өкілдері, сондай-ақ қоғам қайраткерлері мен арнайы шақырылған дәріскерлер қатысады деп жоспарланып отыр.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды