«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

«Рухани тығырық»

Жазылған жайдың жаңғырығы

0 27

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ:

Көп жағдайда шығыс мұсылман халықтарының ұстанымына айналған әл-Фараби атамыздың ұлағатты сөзі бар. Ол кісі: «Тәрбиесіз берілген білім – зиян» депті. Яғни, осы сөзді қазақша тәпсірлесек: ұрпақтың тәрбиесін, тәлімін, көзқарасын соның ішінде өзінің тек-тұқымы, тарихы, ата-бабаларының құнды қасиеттерін бойына сіңірмей берген білімнен бес тиын пайда жоқ. Екіншіден, үнді халқында «қойды арыстан бастаса қойлар арыстанға айналады, арыстанды қой басқарса арыстан қойға айналады» дейтін мәтел бар. Ұстаздық дегеніміз – қойды арыстанға айналдыру. Арқалы ақын Мағжан Жұмабаев: «Игі жақсы бас қосқанда – төр ұстаздікі» дегенді бекер айтты дейсіз бе? Сол ұстазың қазір босаға сығалап қалды емес пе? Төрге байшікештер отырып алды.

Біржан СӘНДІБЕК:

Мақалада автор өте өзекті мәселені қозғаған. Шындығында, біз қазір білімге баса назар аударып кеттік те, тәрбиені екінші орынға ысырып қойдық. Соның кесірінен қазір қоғамда неше түрлі келеңсіз оқиғалар белең алды. Еліміздегі жемқорлықтың асқынып бара жатқаны да осы тәрбиеге келіп тіреледі. Иманы мен тәрбиесі бар адам ондай қадамға бармайды деп ойлаймын. Сондықтан ата-ана өз баласына ұлттық тәрбиені сіңіре білсе, жақсы азамат болып қалыптасары хақ.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды