«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Республика даңғылында қозғалыс шектеледі

0 13

Қазір Нұр-Сұлтан қаласының Республика даңғылына автокөлік жолдарын жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Осыған байланысты, 19 шілдеден 21 шілдеге дейінгі мерзімде Бөгенбай батыр даңғылынан бастап А.Иманов көшесіне дейін­гі учаскеде Республика даңғылы бойынша ішінара автокөлік құралдарының қозғалысы жабылатын болады. Сондай-ақ 09:00-ден бастап Республика даңғылы – Ә.Жангелдин көшесі, Республика даңғылы – С.Сейфуллин көшелерінің қиылысында, 18:00-ден бастап Республика даңғылы – Абай даңғылы, 21:00-ден бастап Республика даңғылы – Кенесары көшелерінің қиылысындағы өткелек жолдарындағы автокөлік құралдарының қозғалысы жабылады.
Елорда тұрғындары мен қонақтары кептеліс тудырмау үшін жол қозғалысы бағыттарын алдын ала жоспарлау қажет. Жөндеу жұмыстарының аяқталуының қысқа мерзіміне байланысты, жоғарыда көрсетілген учаскедегі жұмыстар тәулік бойы (күндізгі және түнгі уақытта) жүргізілетін болады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды