«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Реформалар медициналық көмек көрсетудің сапасы мен қолжетімділігіне әсер етуі тиіс

0 23

Елордада «Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII съезі өтуде, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

 

Қазақстан Президенті әлеуметтік қолдауды күшейту және адамдардың өмір сүру сапасын арттыру жөніндегі шараларды ұсынды. Партияның жаңа бағдарламасына қатысты пікірімен «Қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы» ШЖҚ МКК бас дәрігері Тимур Мұратов бөлісті. – Аз қамтылған азаматтар мен көпбалалы отбасыларға жоғары көңіл бөлініп, қолдау шаралары күшейтіледі. Мемлекет басшысы Үкіметке аз қамтылған азаматтарды көмекпен қамтуды кеңейту үшін атаулы әлеуметтік көмек көрсету критерийлерін ең төменгі күнкөріс деңгейінен 70%-ға дейін арттыруды тапсырды. Сонымен қатар, атаулы әлеуметтік көмек үшін әр балаға көпбалалы отбасыларға 21 мың теңге көлемінде ең төменгі төлем белгіленетін болады. Мемлекет басшысы Білім және денсаулық сақтау саласындағы басымдықтарды атап өтті. Бірінші кезекте, педагогтардың біліктілігі артып,  өзекті бағдарламалар енгізілуі тиіс. Бірақ оқу орындары тиімділігінің басты өлшемі түлектерді жұмысқа орналастыру болып табылады. Бастапқы медициналық-санитарлық көмекке арналған шығыстар денсаулық сақтауды қаржыландырудың жалпы көлемінің 40-тан 60%-ға дейін ұлғайтылатын болады. Жалпы жүргізілген реформалар стационарлық медициналық көмек көрсетудің сапасы мен қолжетімділігіне әсер етуі тиіс.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды