«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Равшан Ирматовтың рекорды

Мундиаль - 2018

0 51

Әлем чемпионатында қазылық жасайтын арбитрлардың арасында өзбекстандық Равшан Ирматов ерекше нәтиженің авторы болып табылады. Ол мундиальдың финалдық бөлігінде 9 рет бас төреші ретінде қызмет еткен екен. Бұл – турнирдің рекорды. Бұған дейін чемпионатта осыншама рет алаң ортасында жүрген рефери болған емес.

Р.Ирматов өзінің дебютін 2010 жылы Оңтүстік Африка республикасында өткен жаһандық жарыстың осы елдің құрамасы мен Мексика арасында өткен бірінші ойынында бастаған. Бұдан кейін тағы 4 ойынның тізгінін қолға ұстаған. Солардың қатарында Нидерланд – Уругвай командалары ұшырасқан жартылай финалдық матч та бар. Ал 2014 жылы Бразилияда жалау желбіреткен өзбек маманы тағы 4 кездесуді басқарды. Сөйтіп, ол бұған дейін 8 ойынға қазылық еткен Жоэль Кинью (Франция), Бенито Арчундия (Мексика) және Хорхе Ларрионда (Уругвай) деген үш бірдей төрешіні артта қалдырды.
Равшан Ирматов 2003 жылы FIFA арбитры атанды. Содан бері ол ұдайы өсумен келеді. Өзбек рефериі Азия Чемпиондар лигасының 4 финалдық матчына, ФИФА-ның клубтар әлем чемпионатының 2 финалдық ойынына, Азия Кубогы финалына қазылық жасады.
Енді Равшанға Ресейдегі әлем чемпионатында өз рекордын жаңартуға мүмкіндік туып отыр.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды