«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Раджастан: Қонағын құдайындай күтетін ел

0 41

Елордада өткен  РАТА – Азия және Тынық мұхиты елдерінің туристік қауымдастығы көрмесіне Үндістанның ең үлкен штаты  Раджастаннан  штаттың  туризм министрі Говинг Сингх Дотастра, туризм департаментінің хатшысы Шрейя Гуха келген болатын. Лауазымды қонақтар көрме залында  қатар орналасқан басқа да үнді көрмелерін аралап, бір бірінің иығына  жібек орамал жауып сыйластығын білдірді. Қазақтың шапан жабу салтына ұқсайтын  әдемі көріністің себебін сұрағанда: «Қонағына үлкен құрмет ретінде иығына  орамал жабамыз. Орамал қолдан кестеленіп, арнайылып тоқылады, осылайша құрметімізді білдіреміз» деді. 

Біздерде көптен күткен қонақтарымыздай ықылас білдіріп, шағын сұхбатта көп жайға қанықтық. Атап айтқанда Раджастан – туристер арасындағы ең танымал штат. Тарихи ескерткіштері көп, түрлі тағамға бай, мәдениеті. шөлдегі сафаримен қоса, орманды алқабы мен фаунасы ерекше жер екен.

Естеріңізде барма, осыдан бірнеше жыл бұрын теледидар «Келін» сериалын тамашалаған едік қой. Ананди ұзатылып бара жатқандағы  түйекөшінің  салтанаты. Бұл Раджастанның  шөлді аймағының көш-керуені.

Жыл сайын, Пушкарда осы аттас көлдің жағасына орналасқан елді мекенде  түйе жәрмеңкесі өтеді. Мұнда шөл даласының көшпенділері мен жергілікті шаруалары жануарларды базарға салып, сауда жасайды. Бір аптаға созылатын мерекеде жарыс өткізіп, ең әдемі тюрбан киінген түйекештер өсірген малының жылдамдығы мен  шыдамдылығын сынға салады. Қызылды-жасылды әсем сариге оранған  раджастандық әдемі әйелдер де мерекенің сәніне айналады. Жалпы бұл жерде ежелгі салт-дәстүрі жақсы сақталған.

-Бірақ тек шөлінің сұлулығы емес, бүгін көрмеге әсем табиғатының, тарихи ошақтарының көріністерін де алып келдік. Тарихи ескерткіштерге де бай штат. Көлдер, қалың ормандар мен қатар тарихи храмдарды аралауға болады. Туризм саласындағы бағыттарға келер болсақ, біздің үкіметтік бағдарламамызда алғаш болып ескерілген жайт – туристердің қауіпсіздігі. Ол үшін, тіпті, туристік полиция пунктері бар. Яғни, Раджастанға келген туристер полиция учаскесін іздеп жүрмейді, барлық жерде дерлік туристік полиция отыр. Соларға жүгініп, көмек сұрай алады. Мұның барлығы туристер өздерін қауіпсіз сезінуі үшін, оларды қорғайтын, көмекке келетін тұлғалар бар екенін білу үшін жасалған. Келесі қолға алынған шара – тазалық. Туристер өздерін үйіндегідей қылып сезінуі – біз үшін маңызды. Айта берсек, пункт көп. Бірақ туристер үшін ең бастысы – қауіпсіздік пен тазалық керек деп  министр мырза түсіндірген болатын.

Біз болсақ  тағы да,  «Келіннің» желісін есімізге түсірдік. Сериал кейіпкері ара-тұра Джайпурға барып тұартын. Бұл Раджастан аймағының астанасы және қазір туристік аймағы – Джайпур. Мұнда  ХҮІІІ ғасырдың сәулет үлгісіне жататын атақты Хава-Махал сарайы бар. Бір қызығы бұл бар болғаны  бес қабатты үйдің  биіктігіндей ғимараттың қас беті ғана. Не үшін салды дейсіз ғой. сарайдың ханшаймыдары сырт көзге көрінбей тасада тұрып көшеде болып жатқан оқиғаларды қызықтау үшін тұрғызылған.

Бармер храмы, далалық жер – Даус, Раджаманд көлі, Тонкадағы мешіттер, қарапайым базарлар Радажстанға келген туристер жиі баратын жерлер. Саяхатты жақсы көретін жандар Алвар Сариска жолбарыс қорығы мен Рантхамбор Саваймадхопур, Кеоладео Бхаратпур ұлттық парктерін де аралайды.

Министр мырзаға «Қазақстандықтар сіздің аймақ туралы көп біле бермейді. Раджастан туралы ақпарат аз сияқты, қалай ойлайсыз?
-Сол үшін де мен осындаман. Раджастанды таныту үшін, адамдар көбірек білуі үшін РАТА көрмесіне арнайы қатысып жатырмыз. Мұндай көрмелердің туристік аймақ үшін маңызы зор. Раджастанның туризмін дамытқымыз келеді. Раджастаннан түрлі түсті киім мен шөлден бөлек, өзіндік мәдениеті сақталған аймақ. Сондықтан Раджастанға келіп, танысуға кеңес беремін. Иә, раджастандықтар да Ресей туралы біледі. Бірақ Қазақстан жайлы аз біледі. Сондықтан бүгінгі көрме екі ел тұрғындары арасындағы көпір болары сөзсіз- деп үмітін білдірді.

РАДЖАСТАНДЫ АРАЛАУ ҮШІН ТУРИСТІҢ БЮДЖЕТІ ШАМАМЕН ҚАНША БОЛУ КЕРЕК?

Бұл туристің қалауы мен қалтасындағы ақшасына байланысты. Егер all inclusive болса, яғни қаладағы нысандарды, туристік жерлерді көбірек көргісі келсе, қымбатырақ қонақүйде тұрғысы келсе, мұндай қонақүйлер мен қызметтер бар. Ал егер «бюджет» турист болса, онда оның да ақшасына сәйкес арзан қонақүйлер бар. Мұндайда Раджастанды қауіпсіз қонақүйде тұрып, аймақты аралау қымбат емес. Раджастанда тек ұшақпен емес, көлікпен да аралап шығуға болады.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ҮНДІСТАННЫҢ ТӨТЕНШЕ ЖӘНЕ ӨКІЛЕТТІ ЕЛШІСІ ПРАБХАТ КУМАР:
1992 жылы Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Үндістанға жасаған сапары есімде. Сол кезден бастан екі ел арасында өте жылы достық қарым-қатынас орнады. Мен Нұр-Сұлтан қаласына бұған дейін екі рет — 2015 және 2017 жылдары келген болатынмын. Әр келген сайын жас астананың көз ілеспес жылдамдықпен дамып жатқанына қайран қаламын. Негізінде небәрі жиырма шақты жылдың ішінде мынадай сәулетті қаланы тұрғызу — таңғаларлық жайт. Бүгінде сіздің ел мен біздің ел ортасында аптасына тоғыз рет ұшақтар қатынайды. Соның арқасы болар, қос мемлекеттен де баратын туристер саны артып келеді. Мысалы, жыл сайын шамамен 20 мыңдай қазақстандық Үндістанға сапарлап қайтады. Тура сол шамадағы үндістандық азаматтар да Қазақстанға келуде.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды