«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Қызметтік этика қалай сақталады?

0 286

Есіл ауданы әкімдігінде  ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Астана қаласы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен жиын өтті.  «Азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау қызметін жүзеге асырудағы қызметтік этика және жоғары рухани-адамгершілік ахуал»  тақырыбында өткен шараға құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты. 

012

Жиын барысында құқық қорғау органдарының қоғамдағы рөлі, сот билігі арасындағы адамгершілік ахуалды қалыптастыру, құқық қорғау органдарының имиджі мен оларға деген азаматтардың сенімін нығайту, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері қаралды.
Жиында сөз алған Астана қаласы бойынша Соттар әкімшісінің басшысы міндетін атқарушы Айбол Ибрагимов сот билігін жетілдіру бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.
– Бүгінде сот жүйесінің алдында тұрған бас­ты міндет – сыбайлас жемқор­лықпен күрес және оның алдын алу. Мыңдаған адам­ның тағдырына жауап беретіндіктен, қателік жасауға жол жоқ. Осы жұмыстарды жетілдіруге байланыс­ты 2014 жылы ішкі қауіпсіздік қызметі құрылған еді. Қауіпсіздік қызметі Астана соттарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін тұрақты түрде іс-шаралар өткізіп келеді. Сот жүйесінде кездесетін құқық бұзушылықтың алдын алуды көздейді, – деді Астана қаласы бойынша Соттар әкімшісінің басшысы міндетін атқарушы А. Ибрагимов.
Оның айтуынша, инновациялық технологияларды пайдалану сот жүйе­сінде көрсетілетін қызмет түрлерін жетілдіруге септігін тигізді. Мәселен, «Сот кабинеті», «Сот құжаттарымен танысу», «Сотқа шақыртулар», «Сот шешімдері» секілді тағы басқа қызметтер халыққа қолжетімді болып келеді. Бұл өз кезегінде жұмыстың тиімділігін көрсетуде.
Сонымен қатар, Көліктегі орталық ішкі істер депар­таменті Қауіпсіздік қызметі басқармасының басшысы Алтынбек Шүйіншалиев қызмет барысында кездесетін әдептілік мәселелеріне назар аударды. Орган қызмет­керлерінің мінез-құлық қағи­даларын одан әрі жетіл­діру, қызметшілердің әдепсіз мі­нез-құлық жағдайларының алдын алуға, олардың мінез құлқының негізгі стандарттарына толық түсініктеме берді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын құрметтеуді қалыптастыру қажеттігін де алға тартты.

Гүлмира АЙМАҒАНБЕТ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды