«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Қыздар да қалыспайды

0 18

Алдағы аптада, 16-26 сәуір аралығында Бангкокте бокстан Азия чемпионаты өтеді. Бірінші рет құрлық біріншілігінде ерлер мен әйелдер құрамалары бір қалада, бір мезгілде ұйымдастырылатын болды.

Таиланд астанасында керілетін шаршы алаңда ұлттық құрама сапында мына боксшылар ел намысын қорғайды: Теміртас Жүсіпов (49 келі), Әнуар Мұзапаров (52 келі), Қайрат Ералиев (56 келі), Закир Сафиуллин (60 келі), Санаәлі Толтаев (64 келі), Асланбек Шымбергенов (69 келі), Тұрсынбай Құлахмет (75 келі), Бек Нұрмағанбет (81 келі), Василий Левит (91 келі), Қамшыбек Қоңқабаев (+91 келі). Бас жаттықтырушы Ғалым Кенжебаевтың айтуынша, ұлттық құраманың бірінші нөмірлі боксшылары Абылайхан Жүсіпов (69 келі) пен Әбілхан Аманқұл (75 келі) жарақаттарына байланысты құрлық біріншілігінен босатылды.
Ал әйелдер біріншілігінде Алуа Балқыбекова (48 келі), Назым Қызайбай (51 келі), Дина Жоламан (54 келі), Сәния Сұлтанқызы (57 келі), Римма Волосенко (60 келі), Милана Сафронова (64 келі), Дариға Шакимова (69 келі), Ақерке Бақытжан (75 келі), Фариза Шолтай (81 келі), Ләззат Күнгейбаева (+81 келі).
Осы жарыстың қорытындысы бойынша ұлттық құраманың негізі жасақталып, алдағы күзде Сочиде өтетін әлем чемпионатына дайындық басталады. Бұл әлем біріншілігінде 2020 жылы Токиода өтетін Олимпиада ойындарына лицензиялар үлестірілетін болады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды