ҚЫТАЙЛЫҚ ӘРІПТЕСТЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

Елорда әкімдігінде Астана қаласы мәслихатының депутаттары Қытай Халықтық саяси консультативтік кеңесінің Шэньян қалалық Комитетінің өкілдерімен кездесті.

Астана қалалық мәслихат хатшысы Жанат Нұрпейісов­тің айтуынша, қазақ-қытайдың екіжақты қарым-қатынасы соңғы жылдары дамып келе жатыр. Сондай-ақ, ол Қытай халық Республикасы Қазақстанның ең басты серіктесі болып отырғанын атап өтті.

– Қазақ елінің жас астанасы аса жылдамдықпен дамып жатыр. Сондықтан да біз үшін өзге мемлекеттің мега­полис қаласымен достық байланыс­та болу өте маңыз­ды. Мәселен, Астана Қытайдың Бейжің және Үрімжі қа­ласымен тығыз әріптестік орнатқан. ЭКСПО-2017 халық­аралық көрмесінің арқасында Астана қаржылық, инвестициялық және туристік әлеуетін арттыруға мүмкіндік алды, – деді ол.

Ал өз сөзінде Шэньян қалалық Комитетінің төрағасы Цзян Хун Астаналық әріп­тестеріне алғыс айтты. Сондай-ақ, ол алдағы уақытта елордалық әріптестерін  Шэньян қаласына қонаққа келіп кетуге шақырды.

Серік ЖОЛДАСБАЙ

Сонымен қатар

ТАБЫСТЫ ИНВЕСТИЦИЯ ИГІЛІГІ

Былтыр польшалық инвесторлар «TYTAN» брендінің атынан ғимараттарда жылуды сақтайтын өнімдер мен дисперсия­лық және құрғақ құрылыс …

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған