«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Қылқалам шеберлерінің құнды көрмесі

0 14

Елордадағы Ұлттық музейдің Заманауи өнер залында аталмыш музей қорларындағы қылқалам шеберлерінің туындыларынан құралған тұрақты экспозиция ашылды. Оған қазақ көркемсурет өнері негізін қалаушылар мен өткен ғасырдың алпысыншы жылдарынан бері бейнелеу өнеріне мол олжа салған даңқты суретшілердің картиналары қойылды.

Тұрақты экспозиция Қазақстандағы кәсіби бейнелеу өнерінің қалыптасу тарихы мен кезеңдерін бейнелеп, адам, сана, қоғамдағы жаңа өзгерістердің көркем жылнамасын көрсетеді. Көрмеден қылқалам шеберлерінің көркем ізденістерін, стиль әралуандығын көруге болады.
Қазақстандық бейнелеу өнерінің алтын қорына енген еңбектердің арасында кеңестік кезеңдегі реа­листік мектеп өкілдері және әлемдік танымалдыққа ие болған еліміздегі атақты суретшілердің картиналары бар. Атап айтқанда, Қанапия Телжановтың «Балықшы Дүйсетайдың портреті» картинасы, Айша Ғалымбаеваның «Автопортрет», «Ш.Қазанбаеваның портреті», Сабыр Мәмбеевтің «Ши тоқушы», «Жайлауда», Гүлфайруз Ысмайылованың «Дина Нұрпейісованың портреті», Сахи Романов­тың «Атамда қонақта», «Мыңбаев атындағы совхоз егістігінде», Жаңатай Шәрденовтің «Медеу», «Таудағы жаз» туындылары мен өзге де даңқты суретшілердің картиналары жинақталған.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды