©2018 Астана Ақшамы
Қылмыстық істер электронды форматта жүргізіледі
Мемлекет басшысының «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауы біздерге, нағыз прагматикалық, нақты әрі түйінді, еліміздің болашағы үшін тағдыршешті мәселелерді көтерген атаулы құжат болды.
Жолдау біздің еліміздің ширек ғасыр ішіндегі екі жаңғырту үрдісін аяқтап, үшінші, экономикамыздың әлемдік өсімінің лайықты деңгейге жетуін қамтамасыз ететін, жеделдетілген технологиялық жаңғыртылу басымдығына көшуімізді айқындап берді.
Жолдауға сәйкес, былтыр елімізде «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы іске қосылғаны белгілі. Ақпараттық технологиялар қарыштап дамып бара жатқан мына заманда IT саласын дамытпасақ, дамыған 30 елдің қатарынан көріну қиын. Өйткені, өркениетт елдердің барлығы осы цифрлы жүйеге көшіп, өнеркәсібінің дамуын және халқының әл-ауқатын жылдан-жылға жақсартып келеді.
Осынау маңызды құжатта Елбасы: «Біз цифрлық технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендетуге тиіспіз. Бұл – маңызды кешенді міндет.
Елде 3D-принтинг, онлайн-сауда, мобильді банкинг, цифрлық қызмет көрсету секілді денсаулық сақтау, білім беру ісінде қолданылатын және басқа да перспективалы салаларды дамыту керек. Бұл индустриялар қазірдің өзінде дамыған елдердің экономикаларының құрылымын өзгертіп, дәстүрлі салаларға жаңа сапа дарытты», – деген болатын.
«Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын әзірлеудегі басты – технологияларды жедел дамыту арқылы ел экономикасын тіктеу, сандық технологияларды енгізу арқылы халық тұрмысының сапасын арттыру болып табылады. Бүгінгі таңда аталған бағдарлама экономиканың барлық саласында дерлік жүзеге аса бастады.
Осы «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасының бекітілген 17 міндеті мен тапсырмасы бар. Сол тізімнің сегізінші тармағында «Мемлекетті коргандардың ішкі жұмысын цифрландыру» делінген. Яғни, мемлекеттік органдарды қағаз бастылықтан, бюрократиядан және еңбастысы – жемқорлықты жоюды көздейді.
Бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстар аз емес. Солардың ең негізгілерінің бірі – қылмыстық сот істерін электронды форматқа көшіру. Бұл үшін Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу Комитеті былтыр «Е-Қылмыстық іс» бағдарлама әзірлеп жүзеге асыра бастады. Оның аясында қылмыстық істі тіркеуден бастап сот үкіміне дейін электронды форматқа көшіріледі. Демек, бұрынғыдай іс құжаттары мүлдем жоғалмайды, қағаз шығындалмайды және жауапты органдардың қызметкерлері өз жұмыстарын бірнеше есеге жеңілдете алады.
«Электронды қылмыстық іс» жобасы бүгінде құқық қорғау органдарына жаппай енгізіле бастады. Бұл жаңашылдықтан Қазақстан Республикасы Бас әскери прокуратурасы да шет қалған жоқ. Биыл шілде айында алғаш рет аталған ведомствоға қарасты Ақмола гарнизонының әскери прокуратурасы «Электронды қылмыстық іс» базасына әскери қылмыстық қудалау органдарының қылмыстық сот ісін электронды форматта жүргізу іс-шараларын жүргізді. Яғни, әскери прокуратурада ең алғашқы қылмыстық іс осы Ақмола гарнизонында электронды форматқа көшірілді.
Атап айтқанда, әскери бөлімінің келісім шарт бойынша әскери қызметшісі өз өкілеттілігін асыра пайдаланып мерзімді әскери қызметшіні ұрғанына байланысты, қылмыстық сот ісі электронды форматта Ішкі істер министрлігі Орталық өңірлік әскери тергеу басқармасымен тіркеп-тергелді.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің техникалық қызмет департаментімен бірлесіп Орталық өңірлік әскери тергеу басқармасын «Электронды қылмыстық іс» базасына қосу бойынша жұмыс жүргізілді.
Сонымен қатар, Ақмола өңірлік гарнизоны әскери полиция жасағымен «Электронды қылмыстық іс» базасына қосылу үшін техникалық құралдар (шифраторлар, стилус, компютерлер т.б.) сатып алынып және бүгінгі күнге дейін 4 қылмыстық ісін электронды форматта жүргізіп отыр.
Соның ішінде Қылмыстық кодекстің 385-бабы 3-бөліміне сәйкес яғни, жалған анықтаманы жасағаны үшін келісім шарт бойынша әскери қызметшіге қатысты алғаш рет қылмыстық іс, электронды формат түрінде әскери сотқа жолданды.
Ағымдағы жылдың 11 желтоқсанда гарнизонның әскери сотында электронды форматтағы қылмыстық іс бойынша сот отырысы өтіп, әскери қызметшігі соттың үкімі жарияланды.
Бүгінгі күні Ақмола гарнизоны әскери прокуратурасының қызметшілері гарнизондық қылмыстық қудалау органдарының жеке құрамына «Электронды қылмыстық іс» модулінде жұмыс жүргізу үйретіліп, алдағы уақытта онша ауыр емес және ауырлығы орташа сатыдағы қылмыстарды, қылмыстық теріс қылықтар электронды форматта тіркеліп-тергелетін болады.
Алайда қазіргі таңда қадағалаудағы қылмыстық қудалау органдардың барлығын электронды қылмыстық іске көшіруге мүмкіншілік болмауда. Себебі, барлық аталған органдарды «Электронды қылмыстық іс» базасына қосу үшін және қылмыстық істерді электронды форматта жүргізуге байланысты қажетті техникалық құралдарға (шифраторлар, стилус, компютерлер т.б.) бөлінетін қаржы тапшылығы.
Осыған орай, өткен жылдың тамыз айында Ақмола гарнизоны әскери прокуратурасы өткізген ведомствоаралық жиналыста жоғарыда айтылған мәселелер бойынша нақты тапсырмалар берілді.
Жалпы, құқыққорғау органдарына цифрландыру жүйесін енгізу жұмыстары еліміздің Бас әскери прокуратурасында бұдан кейін жоғары қарқынмен жүргізіледі деген сенім мол. Оған қажетті білікті мамандар да, технологиялық мүмкіндік те жеткілікті.
Рауан ОСПАНОВ,
Әділет капитаны,
Ақмола гарнизоны әскери
прокуратурасының прокуроры