«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Қылмыстық істер электронды форматта жүргізіледі

0 18

Мемлекет басшысының «Қазақ­стан­ның Үшінші жаңғыруы: жаһан­дық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақ­стан халқына Жолдауы біз­дерге, нағыз пра­­г­матикалық, нақты әрі түйінді, елі­міздің болашағы үшін тағдыр­шешті мәселелерді көтерген атаулы құжат болды.

Жолдау біздің еліміздің ширек ғасыр ішіндегі екі жаңғырту үрдісін аяқтап, үшінші, эконо­микамыздың әлемдік өсімінің лайықты деңгейге жетуін қамтамасыз ететін, жеделдетілген техн­ологиялық жаңғыртылу басым­ды­ғына көшуімізді айқындап берді.

Жолдауға сәйкес, былтыр елімізде «Цифр­лы Қазақ­стан» мемлекеттік бағ­дар­ла­масы іске қосылғаны белгілі. Ақ­­парат­тық технология­лар қарыш­тап дамып бара жат­қан мына заманда IT сала­сын да­мыт­пасақ, дамыған 30 елдің қа­та­рынан көріну қиын. Өйткені, өркениетт елдердің барлығы осы цифрлы жүйеге көшіп, өнеркәсібінің дамуын және халқының әл-ауқатын жыл­дан-жылға жақсартып келеді.

Осынау маңызды құжатта Елбасы: «Біз цифрлық технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендетуге тиіспіз. Бұл – маңызды кешенді міндет.

Елде 3D-принтинг, онлайн-сауда, мобильді банкинг, цифрлық қызмет көрсету секілді денсаулық сақтау, білім беру ісінде қолданылатын және басқа да перспективалы салаларды дамыту керек. Бұл индустриялар қазірдің өзінде дамыған елдердің экономикаларының құрылымын өзгертіп, дәстүрлі салаларға жаңа сапа дарытты», – деген болатын.

«Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын әзірлеудегі басты – технологияларды жедел дамыту арқылы ел экономикасын тіктеу, сандық технологияларды енгізу арқылы халық тұрмысының сапасын арттыру болып табылады. Бүгінгі таңда аталған бағдарлама экономиканың барлық саласында дерлік жүзеге аса бастады.

Осы «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасының бекітілген 17 міндеті мен тапсырмасы бар. Сол тізімнің сегізінші тармағында «Мемлекетті коргандардың ішкі жұмысын цифрландыру» делінген. Яғни, мемлекеттік органдарды қағаз бастылықтан, бюрократиядан және еңбастысы – жемқорлықты жоюды көздейді.

Бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстар аз емес. Солардың ең негізгілерінің бірі – қылмыстық сот істерін электронды форматқа көшіру. Бұл үшін Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу Комитеті былтыр «Е-Қылмыстық іс» бағдарлама әзірлеп жүзеге асыра бастады. Оның аясында қылмыстық істі тіркеуден бастап сот үкіміне дейін электронды форматқа көшіріледі. Демек, бұрынғыдай іс құжаттары мүлдем жоғалмайды, қағаз шығындалмайды және жауапты органдардың қызметкерлері өз жұмыстарын бірнеше есеге жеңілдете алады.

«Электронды қылмыстық іс» жобасы бүгінде құқық қорғау органдарына жаппай енгізіле бастады. Бұл жаңашылдықтан Қазақстан Республикасы Бас әскери прокуратурасы да шет қалған жоқ.        Биыл шілде айында алғаш рет аталған ведомствоға қарасты Ақмола гарнизонының әскери прокуратурасы «Электронды қылмыстық іс» базасына әскери қылмыстық қудалау органдарының қылмыстық сот ісін электронды форматта жүргізу іс-шараларын жүргізді. Яғни, әскери прокуратурада ең алғашқы қылмыстық іс осы Ақмола гарнизонында электронды форматқа көшірілді.

Атап айтқанда, әскери бөлімінің келісім шарт бойынша әскери қызметшісі өз өкілеттілігін асыра пайдаланып мерзімді әскери қызметшіні ұрғанына байланысты, қылмыстық сот ісі электронды форматта Ішкі істер министрлігі Орталық өңірлік әскери тергеу басқармасымен тіркеп-тергелді.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің техникалық қызмет департаментімен бірлесіп Орталық өңірлік әскери тергеу басқармасын «Электронды қылмыстық іс» базасына қосу бойынша жұмыс жүргізілді.

Сонымен қатар, Ақмола өңірлік гарнизоны әскери полиция жасағымен «Электронды қылмыстық іс» базасына қосылу үшін техникалық құралдар (шифраторлар, стилус, компютерлер т.б.)  сатып алынып және бүгінгі күнге дейін 4 қылмыстық ісін электронды форматта жүргізіп отыр.

Соның ішінде Қылмыстық кодекстің 385-бабы 3-бөліміне сәйкес яғни, жалған анықтаманы жасағаны үшін келісім шарт бойынша әскери қызметшіге қатысты алғаш рет қылмыстық іс, электронды формат түрінде әскери сотқа жолданды.

Ағымдағы жылдың 11 желтоқсанда гарнизонның әскери сотында электронды форматтағы қылмыстық іс бойынша сот отырысы өтіп, әскери қызметшігі соттың үкімі жарияланды.

Бүгінгі күні  Ақмола гарнизоны әскери прокуратурасының  қызметшілері гарнизондық қылмыстық қудалау органдарының жеке құрамына «Электронды қылмыстық іс» модулінде жұмыс жүргізу үйретіліп, алдағы уақытта онша ауыр емес және ауырлығы орташа сатыдағы қылмыстарды, қылмыстық теріс қылықтар электронды форматта тіркеліп-тергелетін болады.

Алайда қазіргі таңда қадағалаудағы қылмыстық қудалау органдардың барлығын электронды қылмыстық іске көшіруге мүмкіншілік болмауда. Себебі, барлық аталған органдарды «Электронды қылмыстық іс» базасына қосу үшін және қылмыстық істерді электронды форматта жүргізуге байланысты қажетті техникалық құралдарға (шифраторлар, стилус, компютерлер т.б.)  бөлінетін қаржы тапшылығы.

Осыған орай, өткен жылдың тамыз айында Ақмола гарнизоны әскери прокуратурасы өткізген ведомствоаралық  жиналыста жоғарыда айтылған мәселелер бойынша нақты тапсырмалар берілді.

Жалпы, құқыққорғау органдарына цифрландыру жүйесін енгізу жұмыстары еліміздің Бас әскери прокуратурасында бұдан кейін жоғары қарқынмен жүргізіледі деген сенім мол. Оған қажетті білікті мамандар да, технологиялық мүмкіндік те жеткілікті.

  Рауан ОСПАНОВ,
 Әділет капитаны,
Ақмола гарнизоны әскери
прокуратурасының прокуроры

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды