«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ БАРЫСЫН ТЕКСЕРДІ

0 21

Демалыс күндері Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов елордада жүргізіліп жатқан көпірдің, жол және коммуналдық инфрақұрылымның құрылыс жұмыстары барысын тексерді.

Қала басшысы №26,27,29,38 және 356 жобалық атаулары бар көшелерге барды. Бұл көшелерде бүгінде асфальт төсеу, нөсерлі канализациясын тазарту, су құбырының сыртқы инженерлік желілерін, жылу желілерін төсеу, сондай-ақ тротуарлық жабынды орнату бойынша жұмыстар жүргізілуде. №29 көшенің асфальтталған жолы қаланың ең қауырт учаскелерін жеңілдетуге мүмкіндік береді. Жұмыс аяқталғаннан кейін осы аумақта автобус қозғалысын іске қосу, аялдамалар орнату жоспарлануда, әлеуметтік нысандарға өту айтарлықтай жеңілдетіледі.

Сонымен қатар қала әкімі «Шар-құрылыс» компаниясы салып жатқан үй құрылысы жұмысының барысын тексерді. «Бағыстан» тұрғын үйінде 500-ден аса үлескерлер бар. Ғимарат 6 блоктан тұрады. Соңғы блоктарда монолитті және шатыр жұмыстары жүргізілуде. Қабырғаларды әрлеуге кірісіп кетті. Үйдің жобалық-сметалық құжаттары бар, эскиздер дайын. Елорда әкімі инженерлік желілер мен жол құрылысын жоспарлы түрде аяқтау қажет екенін атап өтті. Бұл нысанның құрылысы келесі жылы аяқталады деп жоспарланып отыр.

Әкім кешегі таңертенгі аралау кезінде екі мектепке барып, құрылыс жұмыстары барысымен танысты. Мәселен, №28 мектептің қосымша ғимаратының құрылысы жүргізілуде. Жаңа корпус 300 орынға есептелген. Сондай-ақ қосымша ғимаратта спорт зал, асхана болады. Корпус қазан айында ашылады. Мектеп аумағында ойын алаңы орнатылады. Таңғы аралау аясында қала басшысы барған екінші орын №67 мектеп болды. А. Көлгінов мектепке қауіпсіз кіреберіс жолын салу қажеттілігі туралы айтты. «Мектептерді салып жатырмыз, бірақ кіреберіс жолдары туралы ойламаймыз. Осындай мәселе №75 мектебінде бар. Тұрғызған жаңа құрылыстар жанында, дұрыс жол жоқ. Ата-аналар мен оқушыларға аулалар арқылы баруға тура келеді. Оқу орындарына қауіпсіз жолдар салу, көлікке арналған тұрақ орындарын ойластыру қажет» деді Алтай Сейдірұлы. Бұдан басқа, ата-аналар мен оқушылардың ыңғайлылығы үшін бірнеше жерде дарбазалары ашылады. Алдағы 5 жылда елордада 40-қа жуық білім беру нысаны салынады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды