«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Құрылыс қарқыны бәсеңдемейді

0 37

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі А.Көлгінов бозала таңнан шаһарды аралап үлестік құрылыс нысандарына ат басын тіреп, Абай көшесінде салынып жатқан екі мұнарадан тұратын «Столичный-2» тұрғын үй кешенінде болды. Мұнда үлескерлер қатары 206 адамды құрайды.

«Біз уақытты бос жіберіп алмауымыз керек. Күрделі мәселелер қалыптасқан, біз оларды рет-ретімен шешетін боламыз. Күн сайын жоспарға сай жұмыс жасалуы керек. Ең бастысы, жұмыс тоқтап қалмауы тиіс» деді А.Көлгінов. Әкім техниканы аумақта жұмылдыру және құрылыс жұмыстарына кірісу қажеттігін атап өтті. Екінші нысан Ш.Қосшығұлұлы 6/2 көшесінде орналасқан «Ақерке-2» ТК. Үлескерлердің жалпы саны – 173 адам. Жұмыстардың қалдық көлеміне сметалық құжаттама бойынша «Мемсараптама» РМК қорытындысы алынды. Мәселен, құрылыс салушыға сметалық құжаттамамен және сыртқы инженерлік желілермен бірге 2-ші кезектегі жұмыс жобасын әзірлеуге кірісу қажет.
Үлескерлердің айтуынша, көпшілігі өз жерлерін сатып, несие алып, құрылысы 2015 жылы аяқталуы тиіс «Ақерке-2» тұрғын үй кешеніне қаржы салған. «Жұмысты өз кезеңімен жүргізу қажет. Екінші нысаннан бос орындарды сату бойынша құрылыс салушының ұсынысы қарастырылатын болады. Бірінші және екінші объектілерде жұмысты қайта бастау қажет. Құрылыс маусымы жақын арада аяқталады, нәтижесін көрсетесіздер» деді қала басшысы. Жалпы елордада құрылысы аяқталмаған 51 нысан бар.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды