«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Құрметті елордалықтар!

0 13

Сіздерді 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл – тәуелсіздік алып, жеке мемлекет ретінде алғаш рет жалпыұлттық сайлау­да Тұңғыш Президентімізді сайлаған тарихи күн. Осы жылдар арасында Елбасы ­Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қалыптастырған стратегиялық саясаттың нәтижесінде тәуелсіз еліміз тұрақты, бейбітсүйгіш мемлекет ретінде әлемге танылды.
Айдынды әлемде айшықты көрінетін елордамыздың жетістіктері де қаламыздың бас сәулетшісі – Елбасының есімімен байланысты. Тұңғыш Президент күні мерекесін атап өту – жаңа тарихымыз бен тәуелсіздігімізге деген құрмет.
Мерейлі мерекелеріңізбен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбас­тарыңызға амандық, бақ-береке тілеймін!

Құрметпен,
Алтай Көлгінов,
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды