Четверг, 29 Июнь 2017
-->

ҚҰРМЕТ ПЕН ІЗЕТ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ ЖАРЛЫҒЫНА СӘЙКЕС, 2003 ЖЫЛДАН БЕРІ МАУ­СЫМ АЙЫНЫҢ ҮШІНШІ ЖЕКСЕНБІСІ ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ ТӨЛ МЕРЕКЕСІ РЕТІНДЕ АТАЛЫП ӨТІЛЕДІ. ОСЫҒАН ОРАЙ, ОҚУШЫЛАР САРАЙЫНДА МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КӘСІБИ МЕРЕКЕСІНЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ШАРА ӨТТІ.

Салтанатты шараға Денсаулық сақтау министрі Елтай Біртанов пен Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев қатысты. Қала басшысының айтуынша, бүгінгі таңда Астанадағы 37 медициналық мекемеде 3606 дәрігер және 6579 орта топ қызметкері еңбек етеді. Міне, осы қызметкерлердің ішінде ең үздік мамандар құрмет грамотасы және алғыс хаттармен марапатталды. Сондай-ақ, Әсет Өрентайұлы салтанатты шара барысында 10 дәрігерге пәтер кілтін табыс етті.
– Құрметті медицина саласының қызметкерлері, ардагерлері, осынау салтанатты күні сіздерді әкімдіктің атынан кәсіби мерекелеріңізбен құттықтауға рұқсат етіңіздер. Қала тұрғындары атынан ыстық лебіздеріміз бен шын жүректен құттықтауларымыз­ды қабыл алыңыздар. Медицина саласы қызметкерлерінің күні – адамгершілікке толы, қайырымды және де ең қиын мамандықты таңдаған адамдардың мерекесі. Туған күнімізден бастап өмір бойы сіздердің бақылауларыңыз бен қамқорлықтарыңызда боламыз. Өз істеріңізді құрметпен атқарып, қасиетті парыздарыңызды барынша орындауға еңбектенесіздер. Бүгін біз медицина қызметкерлеріне 25 құрмет грамотасын, 25 алғыс хат табыстаймыз, – деді қала әкімі.
Әсет Өрентайұлының айтуынша, медицина саласында қызмет көрсететін мамандарға елордада жан-жақты қолдау көрсетілуде. Мәселен, өткен жылы 35 пәтер берілген және дәрі­гер­лердің балалары үшін балабақшаларда 120 орын бөлінген. Сондай-ақ, 2016 жылы 15 медициналық арнайы көлік, ал осы жылы қо­сымша заманауи құрал­дармен жабдықталған 49 автомашина сатып алын­ған.
Ал Елжан Біртанов медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтай отырып, дәрігерлерге жағ­дай жасап отырған әкім­дікке алғысын айтты.
– Биылғы мерекеміз өте ерекше. Оның себебі – Елбасының арқасында Астанамыз халық­аралық деңгейде танымал қала болды. Бұған елордада өтіп жатқан халықаралық ЭКСПО көрмесі дәлел. Біз бұл көрмеге ұзақ әрі жан-жақты дайындалдық. Елордамызда халықаралық талаптарға сай ауруханалар бой көтер­ді, онда тәжірибелі, білімді де білікті сіздер секілді ма­мандар жұмыс істейді. Медициналық көмекке жү­гін­гендердің арасында Үндістан, Ресей, Эква­дор секілді елдерден кел­ген шетелдіктер де бар. Барлығына жоғары деңгейде көмек көрсетіліп жатқанын айтып жатыр. ЭКСПО – бізге қиындық емес, керісінше, үлкен мүм­­кіндік. Біз көрме ар­қы­­лы дүние жүзіне өзіміз­дің тәжірибемізді, меди­циналық саладағы мүмкін­дігімізді көрсетеміз. Сіздерді мерекелеріңізбен шын ­жү­рек­тен құттықтаймын, – ­де­ді ­министр мырза.
Құттықтау сөзден кейін ведомство басшысы медицина саласына 30 жылдан астам уақытын арнаған 5 дәрігерді «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төс­бел­гісімен марапаттады. Сондай-ақ, бірқатар қызметкер «Денсаулық сақ­тау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісіне ие болды. Салтанатты шараның соңы елімізге кеңінен таны­мал өнер жұлдыз­дары­ның концерттік бағдар­лама­сымен түйінделді.

Серік ЖОЛДАСБАЙ

Оставить комментарий

Ваш email не будет опубликован.Необходимы поля отмечены *

*