«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Құқықтық мәдениет қалыптасып келеді

0 99

Астана қаласы Әділет де­пар­тамен­тінің басты міндетінің бірі – Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарындағы 27-қадамын орындау. Атап айтқанда, жаһандық сындарға жауап және жаңа тарихи жағдайларда дамыған отыз елдің қатарына кіруге бағыт­талған бағдарламада «Жеке­меншік сот орындаушылар инс­титутын одан әрі дамыту. Сот орындаушыларының мем­лекеттік қызметін біртіндеп қыс­қарту» айтылған болатын.

100-615

Жеке сот орындаушысы дегеніміз – нарықта борышты өтеу бойынша қызмет ұсынатын бәсекеге қабілетті тұлға.

Қазіргі уақытта Астанада 135 жеке сот орындаушысы жұмыс істейді. Жыл соңына дейін 21 мемлекеттік сот орындаушысын қысқартып, жеке сот орындаушылардың санын 150 адамға дейін арттыру жоспарлануда.

Бұл сот және өзге де актілердің орындалу сапасын арттыруға, өндірушілер тарапынан сот актілерінің орындалмауына қатысты шағымдарды азайтуға, орындалу мерзімін қысқартуға, сот және өзге де актілердің орындалуын қамтамасыз етуге жұмсалатын мемлекеттік шығындарды қысқартуға бағытталған.

Жеке сот орындаушыларының санын ұлғайтып, осы арқылы олардың қызметімен елорда аудандарын толық қамтып қана қоймай, жеке сот орындаушылары арасында лайықты бәсеке тудыруға мүмкіндік береді.

Министрлік пен оның бөлімшелері жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексін әрі қарай арттыруды көздейді. Соңғы зерттеулерге сүйенсек, Қазақстан бұл тізімде 42-орынға ие болды. Бұл – жоғары көрсеткіш. Тиісінше, Қазақстан Елбасының бәсекеге қабілетті отыз елдің қатарына кіру туралы мақсатына жақындап келеді.

2016 жылдың алғашқы жартыжыл­дығында департамент халыққа 176635 мемлекеттік қызмет көрсетті, соның ішінде «Азаматтар үшін үкімет» мемкорпорациясы арқылы берілген анықтамалар саны – 104075, ҚХКО арқылы берілген құжаттар көшірмесі – 1585. Олардың ішінде жылжымайтын мүлікке құқықты тіркеу бойынша – 70975 .

Мемкорпорациялар арқылы тіркел­гені – 46 641. Бірыңғай нотариалды ақпараттық жүйе арқылы тіркелгені – 24334. Жылдамдатылған тәртіппен тіркелген өтініштер саны – 3 202. Тіркеу үшін бюджетке түскен сома 150522 449 теңгені құрайды.

2016 жылдың есеп беру кезеңінде жеке және заңды тұлғалардан 38 шағым келіп түскен.

МЕМЛЕКЕТТІК ТІРКЕУ – МІНДЕТ

Биыл заңды тұлғаларға 6210 мемлекеттік қызмет көрсетілді. 2016 жылдың бірінші жартыжылдығында тіркелген заңды тұлғалар саны – 2 183 (оның ішінде әділет органдарымен – 331, электронды портал арқылы – 1840), қайта тіркеуден өткен заңды тұлғалар саны – 2750, тіркелген филиалдар мен өкілдіктер – 150, есептік тіркеуден алынған филиалдар мен өкілдіктер – 263. Заңды тұлғалардың құрылтайшы құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар тіркелімі – 150. Ерікті түрде таратылған заңды тұлғалар саны – 80. Сот шешімі бойынша таратылған заңды тұлғалар саны – 149.

Жергілікті бюджетке аударылған жалпы сома 18976619,5 теңгені құрады.

2016 жылдың  бірінші  жартыжыл­дығында заңды тұлғаларды уақтылы қайта тіркемеуге байланысты 59 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды. Құқықбұзушыларға қатысты әкімшілік жауапкершілік шаралары қолданылып, мемлекеттік кіріске өндірілген қаржы көлемі 1516515 теңгені құрады.

Зияткерлік меншікті қорғау саласындағы бизнес субъектілері үшін Астана қаласының Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасымен және Кәсіпкерлер палатасымен құқықтық түсіндіру жұмыстарына бағытталған ортақ іс-шаралар жоспары бар. Сонымен қатар Астана қаласы Әділет департаменті, Ішкі істер департаменті және мемлекеттік кіріс органдарымен зияткерлік меншік саласында өзара ынтымақтастыққа бағытталған іс-шаралар қолға алынды. Ол бойынша елорда аумағында контрафактілік өнімді кіргізу фактісін анықтау жүргізілуде. Бүгінде Ikea Systems B.V., Автокапитал, Обис компаниясы, Bolotov and Partners, RG Brands, Central Pharm, Central Coporation және тағы басқа құқық иелерімен және олардың сенімді тұлғаларымен тығыз серіктестік қарым-қатынас орнатылған.

2016 жылдың алғашқы жартыжыл­дығында заңды және жеке тұлғалардан 15 арыз түсті. Оның  ішінде екеуіне түсіндірме беріліп, алтауы аталған мәселеге жауапты ұйымдарға жіберілді, біреуін арызданушы қайтарып алса, қалғанына жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Үшеуінің зияткерлік меншік саласында заңнама талаптары бұзылғаны анықталды.

ШЕТКІ АУДАНДАРҒА НОТАРИУС ҚЫЗМЕТІ ҚОСЫЛДЫ

Елімізде жеке нотариустардың қызметі жүйелі ұйымдастырылған. Бүгінде  Астанада 674 жеке нотариус жұмыс істейді. 2016 жылдың бірінші жартыжылдығында 19 нотариус есептік тіркеуден өтті, 11 нотариус тіркеуден алынды.

Қайта қабылданған нотариустардың басым бөлігі бұған дейін нотариалдық қызмет ауқымы қамтылмаған аудандарға орналасқан. Енді Лесозавод, 40-станция аудандары, Оңтүстік-шығыс, Ильинка, Көктал шағын аудандары, Заречный елді мекенінің тұрғындары қала ішіндегі нотариустарға келудің қажеті жоқ.

Дегенмен, жеке нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыруды уақытылы жасамағаны үшін екі дерек анықталды. Осылайша, екі жеке нотариустың лицензияларының қызметі бір айға уақытша тоқтатылды.

Бүгінгі таңда ҚР ӘҚК 230-бабында көрсетілген заңбұзушылықтар жасаған нотариустарға қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттамалар толтырылды. Екі нотариуске қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Астана қаласында адвокаттардың жалпы саны – 412, олардың 299-ы заңгерлік кеңес беру саласында жұмыс істейді, адвокаттық контораларда – 10, тіркелмеген заңды тұлға  – 103.

2016 жылдың   бірінші   жартыжылдығында Әділет департаментіне Астана қаласы Адвокаттар  алқасының үстінен тоғыз шағым түсті.  Сегізінің  тұжырымы расталған жоқ. Бір шағым қаралу үстінде.

2016 жылдың алғашқы жартыжыл­дығында 49 158613,90 теңгеге 4 383 азаматқа заңгерлік кеңес көрсетілді. Сағаттар саны – 31 867,62. 2015 жылдың осыған ұқсас уақытында мемлекеттік кепілдендірілген кеңес 36 455 929,7 теңгеге 3 320 азаматқа көрсетілді. Сағат саны – 24 620,06.

Жыл басынан бергі есептік кезеңде республикалық бюджеттен «005 – заңгерлік көмек көрсету» бағдарламасы бойынша 37 883 050,34 теңге қамтылды, төленген қаржы көлемі – 47 077 867,04 теңге, 2015 жылдың қарызымен бірге – 9 194 816,70.

Мұның себебі, қаланың шағын аудандарында, түзеу мекемелерінде мұқтаж азаматтарға арналған заңгерлік кеңестер жиі өткізіледі.

«Мемлекет кепілдік берген заң көмегі туралы» заңда және Астана қ. Адвокаттар алқасының ұсынған тізіміне сәйкес Департаментпен 2016 жылы мемлекеттік кепілдендірілген заңгерлік көмек көрсетуден бас тартуға қатысты 172 адвокатпен келісім жасалды.

 

ТЕГІН КЕҢЕС БЕРІЛЕДІ

Біздің департаментте күн сайын құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Ағымдағы жылы 1492 іс-шара ұйымдастырылып, олардың 1 063-ы БАҚ-та жарияланды. Соның ішінде басылым беттерінде – 49 , электронды порталдар мен ақпарат агенттіктерінде – 478,  телеарналарда – 3 , радиода – 18 және Әділет департаментінің интернет-ресурсында 515-і қамтылды. Ұйымдастырылған дөңгелек үстел отырысы – 58, семинарлар мен лекциялар – 354, сонымен қатар ақпараттық-насихат топтары мен  «Ашық есік күні» өтті.

Айта кетерлігі, тұрғындардың әлеуметтік осал тұстарын қолдау және азаматтардың құқықтық мәдениетін көтеру мақсатында департамент «Нұр Отан» партиясының Орталық аппараты филиалының қоғамдық қабылдауының көмегімен Адвокаттар алқасымен біріге отырып тегін заңгерлік кеңес көрсету мақсатында азаматтарды қабылдауды ұйымдастырады.

Департамент «Қазақстан заңгерлер одағы» РҚҰ-ның Астана қалалық филиалымен бірігіп, елордалық «Астана-Заң» құқықтық порталын дамыту жұмыстарын жүргізуде. 2016 жылдың бірінші жартыжылдығында порталда 3 156 материал жарық көрді, оның ішінде: жаңалықтар – 2128, кәсіпкерлерге жәрдем – 201, құқықтық кеңес беру – 331, ғылым – 101,Сіз білесіз бе? – 390 және т.б.

Жарты жыл ішінде порталға кіргендер саны 30 505 мың адамға жуықтады. Пайдаланушылар саны – 59 546. Олардың басым бөлігі Қазақстан азаматтары – 33 32; жиі кірушілердің үздік бестігінде мына елдер бар: Ресей азаматтары – 2 424, Украина – 94, Беларусь – 62, АҚШ – 57, Қытай – 54. Порталға 47 елдің адамдары кірген, олардың жас аралығы 25-тен 45-ке дейін. Ай сайын astanazan.kz порталын қолданушылар саны ұлғайып келеді.

Департамент порталда өзге мемлекеттік және атқарушы органдарға қайтарымсыз негізде құқықтық, түсіндіру, ақпараттық-анықтамалық, өздерінің қызметін көрсететін публицистикалық сипаттағы материалдарды жариялауға рұқсат берген. Осылайша «Астана-Заң» интернет-басылымы арқылы мемлекеттік органдар азаматтарға қызмет көрсету, рұқсат беру бойынша заңнамаларда орын алған өзгерістер мен жаңашылдықтар туралы дер кезінде ақпарат беруге мүмкіндік алды.

 

Ерлан ҚОСМҰРАТОВ, Астана қаласы Әділет департаментінің басшысы міндетін атқарушы

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды