«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Құқық бұзушылықтың алдын алады

0 67

Астанада 1 сәуір күні басталған «Учаске» жедел алдын алу іс-шарасы 30 маусымға дейін жалғасады, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Алдын алу іс-шарасының мақсаты – учаскелік полиция инспек­торлары, көші-қон, криминалдық және патрульдік полиция және басқа да қызметтердің қатысуы­мен әрбір учаскелік аумақтардағы құқық бұзушылықтардың алдын алу.
Учаскелік полиция инспекторлары осы айдың басынан өздері жауапты аумақтарда тұрып жат­қан азаматтар туралы мәліметтерді жинау және ішкі істер органдары кезекші бөлімдері мен учаскелік полицейлердің байланыс деректері бар таныстыру карталарын тарату үшін пәтерлер мен аулаларды тексеруде.
Бұл іс-шара басталғалы учас­келік инспекторлар 10600-ден астам пәтер мен 1290-нан астам жеке үйлерді аралап шықты. Оның барысында ішкі істер орган­да­рында тіркеуде тұрған 814 азамат тұрғылықты жері бойынша және 630-дан астам азаматтық қару иелері тексерілді. Учаскелік инспекторлар әкімшілік учаскелерде халық алдында 42 есеп беру жиналысын өткізді.
Жалға берілетін 213-тен астам пәтер тіркеліп, олар туралы ақпарат Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне жіберілді. 1300-ден астам азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Соның ішінде «Қалалар мен елдiмекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ, қалалар мен елдімекендер инфрақұрылымы объекті­лерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру» бойынша – 211, «Ұсақ бұзақылық» 90-нан астам, «Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу» бойынша 400-ден астам адам жауапкершілікке тартылды. Қазақстан Республикасының көші-қон заңын бұзған 33 шетел азаматы анықталды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды