«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Құнды жинақ

0 49

Белгілі алаштанушы ғалым, филология ғылымдарының докторы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті қазақ әдебиеті кафедрасының профессоры Сағымбай Жұмағұл құрастырған жаңа кітап жарыққа шықты.

Автордың айтуынша, бұл жи­нақта 260-тан аса естеліктер қамтылған. Материалдарды жинақтау барысында бұрын жарық көрген, баспасөзде жария­ланған естеліктер, басы­лымдарда, кітаптарда, ғаламторда сұхбат, естелік түрінде берілген деректермен қатар Алаш ардақтыларының бүгіндері көзі тірі ұрпақтарынан арнайы жазып алынған естеліктер жинақталып берілген. Пайдаланылған дереккөздерге сілтеме жасалып, еңбекте қамтылған тұлғалар өмірі, қызметіне қатысты түсініктер хронологиялық жүйеде берілген.
Кітаптың маңызын Алаш қай­рат­кер­лерінің ү­рім-бұтақтары­нан жазып, жинап алынған естеліктер үстей түскен.
Автордың ыждаһатты іздені­сімен Алаш ардақтылары ұрпақтарының туған және өмірден қайтқан жылын анықтауда бірталай еңбектер атқарылған.
Қазіргі Алаштанудың ғылыми-­әдісманамалық мәселелерінен алаш­танушы ғалымдар Дихан Қамзабекұлы, Мақсат Тәж-­Мұрат, Айгүл Ісмақова т.б. есте­ліктері берілген.
Таралымы 500 дана кітаптың жарық көруіне қарағандылық кәсіпкер
Сәкен Нәскенұлы Тұрғұмбаев қар­жылай демеушілік жасаған.
Бұл тарихи жинақ Қарағанды қаласында «Тенгри LTD» баспасынан жарыққа шықты.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды