«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Құнанбай мен Абай қатар келеді

0 16

Қарқаралы ауданының орталығында аға сұлтан Құнанбай Өскенбайұлы мен Абай Құнанбайұлына ескерткіш қойылды. Ұлтымыздың ұлы тұлғаларына арналған мүсін Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында бой көтерді.

Биіктігі 4 метрден асатын мүсін таза мыстан жасалған. Туынды авторы Сәкен Дәулетбаевтың ескерткішінде бала Абайдың медреседегі оқудан демалысқа келіп, әкесімен кездескен сәті бейнеленген. Ескерткіш аға сұлтанның 1851 жылы салдырған мешітінің алдында бой көтерді. «Құнанбай бабамыз өзі іргетасын қалаған мешіттің жанына ескерткіш орнату – біздің парызымыз. Қазақстанның 100 кие­лі орны тізіміне енгізілген Құнанбай қажы мешітін тамашалауға көптеген адамдар келеді. Міне, осы тұрғыдан алғанда, бұл мүсіннің мәні зор» деді Қарқаралы ауданының әкімі Халел Мақсұтов.
Мүсіннің ашылу салтанатына Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Шығыс Қазақстан облысынан келген меймандар қатысты.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды