«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Қуанышты кездесу

0 33

Ресейлік «Голос. Дети» жобасының финалисі ­Ержан Максим Нұр-Сұлтан қаласындағы №1 балалар үйінің жеткіншіктерімен кездесті. 

Мәдениет және спорт министрлігінің мұрындық болуымен ұйымдастырылған бұл кездесуде Ержан сайыс барысында алған тәжірибесі мен әсерлерін әдемілеп әңгімелеп берді. Ол осы жоба кезінде жарыстың тағы бір қатысушысы Миша Григорянмен жақын дос болыпты. Сондай-ақ жерлесімізді әйгілі музыкант Валерий Меладзе бірге жұмыс істеуге шақырған екен.
– Мен мұнымен шектеліп қал­ғым келмейді. Алда әлі басқа да байқауларға қатысамын. Қазіргі таңда ұстаздарым Дария Бақытова және Нұргүл Сапарбековамен бірге жұмыс істеп жатырмын, – дейді өзі.
Ержанмен жып-жылы сұхбат құрған балалар бұдан соң онымен бірге естелікке суретке түсті, қонақтар әкелген тәтті балмұздаққа тойды, сондай-ақ жас жұлдыздың 28 маусым күні елордада өтетін жеке шығармашылық кешіне шақыру билетін алды. Айта кетейік, бұл концертте Ұлықпан Жолдасов, Ренат Гайсин, Мөлдір Әуелбекова, Айқын Төлепберген сынды эстрада жұлдыздары да өнер көрсетеді.

Әнел ЖАРЫЛҒАСЫНҚЫЗЫ,
Қаржы академиясының студенті

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды