Четверг, 29 Июнь 2017
-->

ҚОШ БОЛ, ҚАРУ!

06-1-asli

Астана қалалық Ішкі істер департаменті 13-15 наурызда өткен «Қару – 2017» жедел алдын алу шарасы аясында  заңсыз сақталған 30 қаруды тәр­кіледі.

Айтулы шараның мақсаты – елорда тұрғындары арасында заңсыз сақталған қарулар мен жарылғыш заттарды анықтап, осы қару-жарақпен жасалатын қылмыстың алдын алуды көздеген.
Үш күнге созылған рейд барысында полиция қызметкерлері елордада тіркеуде тұрған алты жүзден астам қару иелерін жергілікті тұрғын үй бойынша тексеріп шыққан. Нәтижесінде қару­ды сақтаудың ережесін бұз­ған 14 азаматқа әкімшілік айыппұл тартылып, 10 адам өз еркімен травматикалық және тегіс ұңғылы қаруларын тапсырған.
– Біз мұндай шараны жылда өткіземіз. Қаруды үйде сақтаудың өз ережесі бар. Соның бәрі талапқа сай болғаны жөн. Мәселен, қару қалыңдығы 3 мм ас­пай­тын сейфте сақталып, онда дабыл қондырғысы орнатылады. Сонымен бір­­ге қарудың рұқсат ету қағазында нөмірмен бірге мекенжай сәйкес болу керек. Осы айтылған ережелердің бәрі талапқа сай болмаса қару тәркіленеді. Әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Көбінесе адамдар аңшылық қаруларды сақтайды. Рейд аясында тұрғындарға қаруды сақтаудың ережелері жайында түсіндірме жұмыстарын жүргіздік, – дейді қалалық Ішкі істер департаментінің Азаматтық және қызметтік қару бақылау жасау бөлімінің басшысы Бағлан Қазбеков.

Азамат ЕСЕНЖОЛ

Оставить комментарий

Ваш email не будет опубликован.Необходимы поля отмечены *

*