Қос қасиеті – қос қанаты

Адам – өз өмірінің сәулетшісі. Даралар да, қаралар да, даналар да қонақ болып өтетін мына дүниеде әркім өз өмір соқпағын өзі сомдайды. Оның мәнді де, сәнді, мағыналы да, мазмұнды болуы сол өмір иесінің қарымы мен қасиетіне байланысты. Құдіретті табиғат осы адами қасиеттерін мол дарытқан жандардың бірі – қашанда айналасына, тек мейірімділік шуа­ғын шашып келе жат­қан Ғаппас (Эбенғаппас) Елемесұлы Ахметов.

Өзім соңғы уақытта жиірек жүздесіп жүрген, жалпы, жетпістің желкесіне көтерілген қазына жасқа жеткен жандардың бүгінгі биікке шығуының сыры еңбек пен білімге деген шексіз құштарлығы десем қателеспеспін. Өйткені бәрі де жастайынан арман қуып, жүрек қалауымен мамандық таңдай білгендер. Бұл ортаңғы буынның да өмірден көрген қиындығы аз болмады. Бірақ ділі мықты. Басым көбі – ақжаулықты әженің әлдиімен тербеліп, от пен оқтан оралған әкенің мейірімінен гөрі, аманатын көп тыңдап, әке өсиетін өмірлік мұрат еткендер. Өзім соңғы уақытта жиірек жүздесіп жүрген, жалпы, жетпістің желкесіне көтерілген қазына жасқа жеткен жандардың бүгінгі биікке шығуының сыры еңбек пен білімге деген шексіз құштарлығы десем қателеспеспін. Өйткені бәрі де жастайынан арман қуып, жүрек қалауымен мамандық таңдай білгендер. Бұл ортаңғы буынның да өмірден көрген қиындығы аз болмады. Бірақ ділі мықты. Басым көбі – ақжаулықты әженің әлдиімен тербеліп, от пен оқтан оралған әкенің мейірімінен гөрі, аманатын көп тыңдап, әке өсиетін өмірлік мұрат еткендер. Арнайы өзім іздеп келген орта бойлы қағылез жанмен жолығыса қалған кімде-кім, алдымен, оның ерекше ілтипатына риза болады. Ал оның сырын әңгіме барысында тереңірек аңғарғандаймын.Ғаппас Ахметовтің құдірет берген екі қасиеті бар: біріншісі – тумысынан қоғамшыл, белсенді өмірлік көзқарасының арқасында адамдармен қоян-қолтық араласа жүріп, қай ортада болсын тіл табысып кете баруы. Екінші бойына дарыған қасиеті – өзі таңдап алған мамандығына әркез адал, ал қоғамдық, мансаптық қызметтің қай сатысында жүрмесін хирург-травматологтың басты медициналық құралы – никельді немесе хром құрышты скальпельді бертінге дейін уысынан шығармауы. Сол қасиетінің арқасында әлі де парасаттылық пен даналықты қажет ететін қызметтің тұтқасын төртінші жыл ұстаған ол «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің қатарында 28 мыңдай зейнеткері бар  Сарыарқа аудандық филиалының төрағасы, Астана қаласындағы ардагерлер кеңесі төралқасының мүшесі. Осы төрағалық қызметте де ол «Кешегі бабамызбен ғана емес, бүгінгі бағамызбен, ертеңгі шамамызбен де мақтана алатын ұлт болуды ойлауымыз керек» деген Елбасымыздың елге қарата айтқан тілегін басшылыққа алып, ұрпақтар арасындағы сабақтасты дамыту арқылы жалпыұлттық сана-сезімді болашақ мүддесіне қызмет етуге қалыптастыруды мұрат тұтқан. Құндылықтарды насихаттау жолында ұрпақтар қатысуымен аудандық ардагерлер ұйымының түрлі кездесулерін жүйелі ұйымдастырып отырады.Өмір жолын қаншама парақтасақ та, жаңсақтыққа бой алдырмаған іспетті. Азаматтық парызы мен қоғам алдындағы рөлін әркез сын сынағынан сыныптай бұлтартпай бақылап отыруы – Ғаппас Ахметовті өзінің бүгінгі қазына жасына абырой-атақтың алтын бесігінде тербетіп алып келгендей.Жеті ағайындының төртіншісі, өзі де көпбалалы оның отбасы ынтымағы жарасқан, ырысы тасыған әулеттің қатарында. Бауырларының бәрі де ұядан аман-есен ұшып, қоғамнан өз орындарын тапқан тәуелсіз елдің арқасүйер ұл-қыздары.Ғ.Ахметов – осы Ақмоланың төл тумасы, бел баласы. Дүниеге келген атақонысы Шортанды ауданындағы Жолымбет руднигі. Баршаға мәлім осы шағын ауыл кезінде алтын өндіретін кен орны болатын. Кезінде қазақтың небір «мен» деген ұлдары жан-жақтан осында жиналып, еңбек етті. Солардың бірі – әкесі Елемес. Өз заманының ағымы, күнкөрістің қамымен Елемес Ахметов осы өңірдің бірқатар, басқа да елді-мекендерге қоныс аударып, ақыр соңында, атақонысы Ерейментауға оралады.Ғ.Ахметов, айтып өткеніміздей, білімді де осы  тың өлкелік Целиноград қаласында алып, барлық күш-қуатын осындағы қызметіне жұмсап келеді. Ерейментау ауданының Благодатный селосындағы (бүгінде Олжабай батыр ауылы) он бір жылдық мектепті тәмамдап, Целиноград мемлекеттік  медицина институтын, 1971 жылы емдік іс бөлімі бойынша аяқтап, дәрігер-травматолог мамандығын алып шығады. Алғашқы еңбек қадамын фельдшер-травматолог, одан соң 1971-1977 жылдары Целиноградтың 2-ші қалалық ауруханасында дәрігер-травматолог болды. Ал 1977 жылдан 1986 жылдарға дейін Целиноград мемлекеттік медицина институтында травматология, ортопедия және әскери-дала хирургиясы кафедрасының ассистенті қызметін атқарды, жоғары санаттағы хирург-травматолог. Бірақ емдік қызмет көрсетуден бір сәт те шет қалған емес. Пәпкәсі мен скальпелі бойынан табылатын.Тікелей дәрігерлік қызметімен қоса, Целиноград қалалық медицина қызметкерлері кәсіподағының төрағалығы секілді қоғамдық қызметін ала жүрді.Қызығынан шыжығы басым, өмір мен өліммен тайталаса жүріп, әр секунды алтыннан қымбат операциялық залдағы арпалыстан босай қалғандағы қалт еткен әр сәтін кәсіби шеберлігін ұштауға жұмсаудан ерінбей-талмайтын, ізденетін, біліктілігін арттыру үшін шетелдерге де сапар шегетін. Емделушілер де, әріптестері да «алтын скальпельді ортопед-травматолог» деп өз бағаларын беріп те қойған кезінде. Тіпті, облыстағы қол сүйегіне операция жасайтын бірден-бір білікті де бірегей маман деп танылды. Талай жанның салалы саусақтарын скальпельмен жара отырып, мыңдаған жіптен де нәзік тамыр талшықтарын қайта жалғап, сол зардап шегушінің өмірге деген құлшынысын оятты, тіпті, асыраушы ретіндегі тірлік-қарекетіне араласуына мүмкіндік берді.Бұған қоса баспа беттерінде ғылыми тақырыпта қаншама мақалалары жарияланып, өзі көріп, көңіліне тоқығанды кәдеге жарату үшін аса құнды 5 жаңашыл ұсыныс жасайды. Бұл күн сайынғы медициналық тірлік-тауқыметті көзімен көріп, қолымен ұстап сол жолда шеберлігін ұштай іс-әрекет етіп жүрген тәжірибелі дәрігердің игілікке қосқан құнды да, баға жетпес зор үлесі деп бағаланды.Жаңашылдығының тамаша бір жетістігі ретінде, Астанада 2007 жылы әдістемелік орталықтың ашылуына нақтылы мұрындық болды. Қашанда болмасын, қай жаста да болмасын үнемі ізденісте жүретін практик дәрігер, жоғарғы санаттағы травматолог АҚШ-қа кәсіби шеберлігін көтеру мақсатында іссапармен барып, одан үлкен ой құшағында оралады. Елге жеткен соң, «нар тәуекел» деп медициналық жаңа жобасымен қалалық әкімдікпен бөліседі. Көп ұзамай Астана қалалық әкімдігінің қолдауымен Оқыту-клиникалық орталығы  ашылады да, директор боп Ғ.Ахметов тағайындалады. Өзара тәжірибе алмасу аясында шет елдермен байланыс орнатып, солардың кәсіби мамандарының көмегіне жүгіне қаз тұрған бұл орталық бүгінде бекем қалыптасып, халыққа медициналық қызмет көрсетудің беделді тірек ұйымына айналды. Орталықтың мақсаты – қолдарында дипломы бар орта буын медицина қызметкерлерінің біліктілігін одан әрі көтере түсу. Орталықта қаламыздың барлық емдеу-сауықтыру орындарының медициналық қызметкерлері тәжірибе жинақтап, жоғары деңгейдегі біліктілік сынағынан өтіп жатыр. Бұл – олар үшін де мерей. Республикадағы басты оқыту-клиникалық орталығына айналған оның бастауында тұрып, негізін өз қолымен қалағанын әркез мақтан тұтады. Ел саулығының қамын жеген тынымсыз жандардың бірінен саналатын, бар ғұмыры, білім мен күш-жігерін сол жолда жұмсап келген Ғ.Ахметовтің бұл еңбегін екінің бірі біле бермеуі де мүмкін. Дәрігер – ол адам жанының арашашысы, күн-түн демей күзетте тұратын сақшы-солдаты. Сол қарбаласы қызу жылдарда жоғары санаттағы хирург-ортопедтің күндіз әр сырқаттың жан жарасын емдеп, қадағалап отырғанын, түнгі кезекшілікте телефон қоңырауымен өре тұрып, ойда-жоқта кез келген сәтте бейнетке тап болған жанды ажалдың тырнағынан суырып алудағы жанталасқан арпалысы оңай болмағанын жақсы сезінеміз. Осылайша арына да, Гиппократ антымен скальпельді қолына алған дәрігерлік антына да дақ түсірмеген ол, ендігі жинақтаған мол тәжірибесін жас ұрпаққа дарыту мақсатында кадрлар дайындау ісіне қалай араласып кеткенін де байқамай қалғанымен, медицина мекемесін басқару жолында жиырма жылдай қызмет етті. 1986-2005 жылдар аралығында Целиноград медицина училищесін (1994 жылдан колледж) басқарды. Оның қаншама түлектері бүгінде еліміз ғана емес, шет елдердегі маңдайалды медицина орталықтары мен клиникаларында абыроймен қызмет етуде. Осы жылдардағы ұядан ұшырған шәкірттерін атап шығудың өзі мүмкін емес. Бастысы, олардың бәрі де ұстаз дәрісін бойына дарытып, басты байлық адамға қызмет етуде.Әңгіменің түп төркіні қызмет, тек қызмет жайлы боп отырған аракідікте оның әулеті, отбасы жайлы да сұрап қалдық. Сонда бір байқағаным, «жаны ботадай нәзік» пе екен дедік. Анасы Бибіғайша жастай дүниеден озып, ең кенжесі он екі жасында қалған. Өзі институттың студенті ол анасын жоқтағаны сонша айға жуық басын көтере алмай, тіпті, институттан шығып кету қаупі де болады. Әупірімдеп жүріп есін жиса керек. Содан бері ауыл баласы өмірдің қандай қиындығы болмасын жеңе біліп, тек алға ұмтылып, әр жетістігін ел игілігіне арнап келеді.Отбасылық бақыты да баянды. Студенттік ән-жырларын бірге шырқаған жары Сәуле Қарағандының қызы болғанымен, онымен қол ұстасып бұрынғы Целиноград, қазіргі Ақмолада тұрақтап қалған. Еңбек кітапшасында да бір-ақ жазу бар. Яғни, «Астана қаласындағы №3 мектеп-гимназиясында күні бүгінге дейін француз тілінің маманы». Жұптары жарасқан олар бес бала – Дана, Данияр, Жанар, Дина және Инара атты ұл-қыз тәрбиелеп өсірді, жоғары білім берді. Бәрі өмірден өз орындарын тапқан, қаржыгер, дәрігер-ғалым, қазақ және француз тілінің маманы, айтишник (IT), халықаралық заңгер. Олардан алты немере сүйіп отыр.Еңбегі атаусыз қалмаған. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау, білім беру істерінің үздігі, «Ерен еңбегі үшін», «Еңбек ардагері» және басқа да бірқатар мемлекеттік марапат иегері.Ғаппас Ахметовтің айшықты өмір жолы құс ізіндей айқын, күннің жерге түскен сәулесіндей түп-түзу әрі көз қарилықтай сан алуан түспен шағылыса жарқырайды. Оның бойындағы қос қасиеті бір арнаға тоғысып, адамды сүюмен тұйықталған. Олай дейтініміз, ол қоғамдық қызметте де, тікелей емдік ісінде де, тек адамды сүйе отырып қызмет жасап келді. Бірінде адамның жан жарасын жазса, екіншісінде рухани дүниесін байыта отырып, тәуелсіз қазақ елінің іргетасын қалауда ерік-жігерін рухтандыра отырып, жүректерге сөзбен де, еммен де жол тапқан. Өмір бақи адами сыйластықтың осы алтын арқауын ұстанған Ғаппас Ахметов әлі де сол дара да, дана жолмен келе жатыр.

Майра ШӨКЕН

Сонымен қатар

ҮЙДЕ ИТ ҰСТАСАҢЫЗ…

«Асырауында үй жануарлары бар қала тұрғында­ры ауланы, кіреберісті, баспалдақ алаңын, лифтіні, балалар алаңын, жаяу жүргіншілер …

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған