«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Қос олжа немесе Теменов қолтаңбасы

0 7

Атырау қаласында өткен Р.Отарбаев атындағы ІІІ республикалық театр фестивалінен Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театры олжалы оралды.Қаллекиліктер фестивальге осыдан үш жыл бұрын ­«ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі қарсаңында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Н.Жұманиязов сахналаған ­Р.Отарбаевтың «Әміре» драмасымен қатысып, бірінші орынға ие болды. Ал осы спектакльде пионер бала бейнесін сомдаған Дастан Әлімов «Екінші пландағы үздік актер» аталымында топ жарды.
27-30 қараша күндері осы өнер ордасында аталмыш ­театрдың көркемдік жетекшісі, Қазақстанның халық әртісі, профессор Талғат Теменовтің шығармашылық апталығы өтетінін айта кетейік. Төрт күнге жалғасатын апталық барысында көрермендер Ш.Айтматовтың «Аққудың көз жасы», «Қызыл орамалды шынарым» лирикалық драмаларын, У.Шекспирдің «Отелло» трагедиясын және ­В.Ежовтың «Тыраулап ұшқан тырналар спектаклін тамашалай алады.
Ал бүгін театрда кезекті премьера өтеді. Қаллекиліктер бұл жолы Ф.Болоньяның Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ә.Оразбеков қазақ тіліне аударып, сахналаған «Байланыс аясы» драмасын ұсынады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды