Воскресенье, 20 Август 2017
-->

Астанада қоқыс қалай, қайда шығарылады?

Бүгінгі күнде тұрмыстық қатты қалдықтардың жайы әлемдік маңызы бар өзекті мәселеге айналып отыр. Ғалымдар адамзат санының өсуіне байланысты тұрмыстық қалдықтардың ауқымы артып, ғаламшарымызды қалдықтар басып барады деп дабыл қағуда.

img_7954

Елордамызда тұрмыстық қатты қалдықтарды игеру, оның залалды салдарының тұрғындардың қалыпты өміріне әсерін болдырмау мақсатында бірқатар шаруалар атқарылуда. Бұл са­ланың негізгі жұмыс процесі қалдықтарды жинау, шығару, сұрыптау, кәдеге жарату, өңдеу және көму болып жіктеледі. Ол төмендегі тізбек бойынша жүзеге асырылады. Тұрғындардың шығарған қалдықтарын түгел жинап алу. Бүгінгі күні плас­тик, сынапты заттар бөлек сұрыпталады. Қоқыстарды тасымалдау нарығында жалғыз ірі тасымалдаушы компания жеке тұлғалардың 95 пайызына қызмет көрсетеді. Одан бөлек, қырық шақты қоқыс тасуды атқарушы ұсақ мекемелер заңды тұлғаларға қызмет көрсетіп келеді.
Қалдықтарды өңдеу ісі әлі толық күшіне қо­сылмаған. Барлық қал­дықтардың қайта өңдеуге жіберілгенінің тек 10 па­йызын ғана өңдеуге мүм­кіндік бар. Ал қалдық­тардың 90 пайызы полигонда көмілуде.
Бүгінде бұл саладағы үш ірі кәсіпорынның жұмысын айтуға болады. Бұлар тасымалдаушы – «Астана-Тазарту», «KazRecycleService» ЖШС қалдықтарды қолмен сұрыптайтын мекеме болса, «Астана Эко-Полигон НС» түрлі қоқыстар мен құрылыс және өнеркәсіптік қалдықтарды көмумен айналысады. Тұр­ғындардың тұрмыстық қал­дықтарын жинауға қала бо­йын­ша әр үйлердің ауласында, одан бөлек, ірілі-ұсақты ме­кемелердің айналасында 11 241 контейнер қойылған.
Онда жинақталған қалдықтар өңдеу компаниясына жеткізіледі. «KazRecycleService» бұл қалдықтардың аз бөлігін ғана өндіріске жіберіп, қалғанын нығыздап, кейбірін сол күйінде көму үшін полигонға жібереді.
Қалдықтар полигоны еліміздегі заңдылықтар талабына сай жобаланған тұңғыш полигон екенін айта кету керек болар.
Мұнда қалдықтарды өл­шеу, келіп түскен қал­дық­тарға радиациялық ба­қылау жүргізіп, фильтрат анықтайды (фильтрат – өте жағымсыз иісті, бұл күрделі бір текті емес химиялық құ­рамы бойынша сұйықтық). Бірақ қоқыстардан болатын газ жиналмайды. Қоқыс газы дегеніміз – полигонда іріп-шіруден пайда болатын газдың түрі. Бұл – гельминттер мен құрттардың еркін жайлайтын бөлігі. Бұлар – парникті газдардың көзі. Мамандардың есептеуінше, жыл сайын бір тонна тұрмыстық қалдықтардан 4-5 м³ қоқыс газы пайда болады.
Өткен жылы «Астана Эко-Полигон НС» мәліметі бойынша, полигонға 353,6 мың тонна қалдық түскен. 12 га жерді алып жатқан қалдықтар мекені толықтай толды деуге болады. Оның жаңа секцияларының құрылысы жүргізілуде. Тұрмыс қалдықтарының қанша­лық­ты зиянды екені аз ай­тылып жүрген жоқ. Оның қор­шаған ортаның санитарлық-эпиде­миологиялық, экологиялық қатері жайында жер шарының әрбір тұрғынының білгені абзал. Шетел тәжірибесіне көз жүгіртсек, халықты ақпа­рат­тандыру жұмыстары жолға қо­йылған. Қоқыс жинауға ар­налған қаптарды тегін беріп, оған қоса түрлі нұсқаулық хабарлар таратылады. Түрлі ынталандыру акциялары жиі өткізіліп тұрады екен. Қоршаған ортаны қорғау шараларына қатысты нақты мәліметтер адамдардың қоршаған ортаға жанашырлық мәдениетін қалыптастырады. Ең бастысы, үнемді болып, тұр­мыстық қалдықтарға да ұқып­пен қарау қоршаған ортаның жақсаруына алып келеді.
Олардың қоқысты тек белгі­ленген жерлерге ғана тастап, қалдықтардың түр-түріне қа­рай сұрыптап салып, контей­нерлерді де тиімді пайдалану көп шаруаны жеңілдетпек.

Айгүл УАЙСОВА

Оставить комментарий

Ваш email не будет опубликован.Необходимы поля отмечены *

*