«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Қолының табы қалған

Жақсыдан қалған жәдігер

0 36

Былтыр елордадағы Ұлттық музей қоры біраз жәдігерлермен толықты. Солардың қатарында көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаевтың қалпағы, көзілдірігі мен қаламы да бар.

Бұл жәдігерлерді өткен жылы қыр­күйек айында Алматы облысында өткен Ұлттық музейге сый тарту шарасы аясында қайраткердің қарындасының қызы Жаннета Серікбаева тапсырған.
Алдағы сенбіде, яғни 12 қаңтарда тұғырлы тұлғаның туғанына 107 жыл толады. Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы қызметін атқарды. 1960 жылдан бастап 1986 жылға дейін Қазақстан Компартия­сы Орталық комитетінің бірінші хатшысы болды. Туған елінің тәуелсіздік алғанын көрген текті қария 1993 жылы 81 жасында өмірден өтті.

Бүгінде жұртшылық оны ерекше ілтипатпен еске алады. Бас шаһардың сол жағалауындағы іргелі көшеге есімі берілді. Енді, міне, Ұлттық музейден қайраткер тұтынған жәдігерлерді көре аласыз.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды