«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Қола медальдар қоржында

0 21

Ресейдің Екатеринбург қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының ширек финалы аяқталды. 8 салмақ дәрежесінде өтіп жатқан байрақты бәсекенің жүлделерін кімдердің алатыны белгілі болды.

Жартылай финалға Қазақстанның 6 боксшысы шықты.Соның үшеуі Сәкен Бибосынов (52 келі), Тұрсынбай Құлахмет (75 келі), Василий Левит (91 келі) осы кезеңде қарсыластарынан жеңілді. Нәтижесінде қола медаль иегерлері атанды. Ал Абылайхан Жүсіпов (69 келі), Бекзат Нұрдаулетов (81 келі) және Қамшыбек Қонқабаев (+91 келі) енді алтын үшін айқасқа түседі.
«Жігіттеріміз әзірге жарап тұр. Бір күн демалыстан кейін жүлделер үшін жекпе-жектер басталады. Енді бар күшімізді ең сапалы медальдар алуға саламыз. Бақ пен баптың қатар шабатын кезіне келдік» деді бокстан Қазақстанның мемлекеттік жаттықтырушысы Болат Абдрахманов.
Жалпы, әлем чемпионаты жарысындағы негізгі қарсыластардан жартылай финалға Ресей құрамасынан – 3, Кубадан – 3 және Өзбекстаннан – 5 боксшы шығып отыр. Әлем чемпионатының жартылай финалы 20 қыркүйекте, ал әлем чемпиондарының есімі 21 қыркүйекте белгілі болады.

Екатеринбург.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды