-->

ҚОҒАМНАН ШЕТ ҚАЛМАЙДЫ

Астана қаласы бойынша Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012-2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары жүзеге асырылып келеді.

foto

Астана қаласының Жұ­мыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау бас­қармасының мәліметтері бо­йын­ша жеке оңалту бағдар­ла­масына сәйкес, өткен жылы 9 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға мемлекет тарапынан оңалту қызметтері көрсетілген екен.
Оның ішінде мүгедектерге аса қажет протездік-ортопе­диялық бұйымдар, тифло­тех­­никалық және сурдотех­ника­лық, гигиеналық заттармен қоса, қол-арбалар тегін бөлінеді. Мүгедектердің еліміздегі түрлі шипажай-курорттарда емделуіне мүмкіндік бар. Ал қажет деп тапқанда науқасы ауырларға жеке көмекші бе­кітіліп, құлағының мүкісі барлардың ымдап тү­сіндіруіне көмектесетін арнаулы маман бөлінеді. «Инватакси» тасымалдау қызметі мүгедектердің жүріс-тұрысын жеңілдетіп жүр.
Мүмкіндігі шектеулі жан­дардың еркін қозғалысы үшін де көптеген жұмыстар атқа­рылуда. Елордадағы әлеу­мет­тік және көліктік инфра­құ­ры­лым нысандарының қолже­тімділігінің құжаты жасалды. 2016 жылдың қорытындысы бойынша бұл санаттағы ны­сандардың 55,9 пайызы мүге­дектер үшін қолайлы жаб­дық­талған деп табылды.
Жыл сайын өтіп тұратын «Бәріміз бірдейміз – кемсітуді білмейміз» атты қалалық кон­курс мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқықтарын қам­тамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсартуда жаңа серпіліс бергенін айта кету керек. «Үздік маман», «Үздік студент», «Ең тату отбасы», «Үздік спортсмен», «Үздік орындаушы», «Үздік жасампаз» және «Үздік би» сияқты номинациялар бойынша жүзге тарта адам қа­ты­сып, жеңімпаздарға естелік сый­лықтар тапсырылды.
Елорда әкімдігінің қол­дауы­мен Астана қаласының Жұ­мыспен қамту, еңбек және әлеу­меттік қорғау, Кәсіп­керлік және өнеркәсіп басқар­мала­рымен бірлесіп «Хан Шатыр» сауда ойын-сауық орта­лы­ғында «Мүмкіндігі шек­теулі адамдардың қолөнер жұ­мыстары бұйымдарының рес­публикалық жәрмеңкесі» ұйым­дастырылды.
Адам басына түскен қиын жағдайлардан шығу үшін тең жағдайлар мен мүмкіндіктер құру мақсатында 3524 адамға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетіліпті. Мұндай қыз­мет­тер «Нұрлы жүрек», «Қам­қор», Астана қаласы әкімдігінің «Шарапат» Әлеуметтік қызмет көр­сету орталығы» Астана қаласы әкімдігінің әлеу­­меттік қызмет көр­сету орта­лығы, Зор­лық-зомбылық немесе зор­лық-зомбылық қаупі сал­дарынан қиын жағ­дайға тап болған әйел­дерге арналған дағдарыс орталығы-баспанасы, Белгілі тұрағы жоқ адам­дарға арналған әлеу­меттік бейімделу орталығы арқылы жүзеге асырылады.
Бұл істе үкіметтік емес ұйымдардың да үлесі бар. «Балам-ай», мүгедек-балаларды қолдау қайырымдылық қоры» және «Қорғау-Астана» арқылы 300-ден астам қызмет алушылар қамтылды.
Қазақстан Республикасы Тәуелсiздігінің 25 жылдығы шеңберінде ведомствоға қа­расты мекемелермен елор­да­ның меценаттарымен көр­сетілген қайырымдылық акция-лар өткізілді. Түрлі тұрмысқа қажетті жабдықтармен жа­рақтау, мұқтаж жандарды киім-кешектермен, мектеп құрал-жабдықтарымен қам­тамасыз ету, қайырымдылық астар, концерттерге апарып, спорт түрлеріне тарту, «Хан Шатыр», «Мега», «Аружан», «Керуен» аттракциондарына, елордан циркіне, «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрына бару, экскурсия­лар да осы бағдар­лама аясында қамтылған.
«100 нақты қадам» Ұлт жос­парының 84 қадамын іске асыру шеңберінде: «Өрлеу» жобасының шеңберінде шартты ақшалай көмек тұрмысы төмен 43 отбасыға, оның ішінде 243 адамға көрсетілді. Көмек алу­­шылар арасында еңбекке қабілеттілерін жұмыспен қам­тудың белсенді шараларымен қамтылды.
Бизнестің әлеуметтік жа­уап­кершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсына қатысу үшін 18 өтінім бе­рілді, оның ішінде мына номинациялар бойынша «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын» – 6, «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын» – 4, «Үздік ұжымдық шарт» – 5, «Эко­логияға қосқан үлесі үшін» 3 анықталды. Астана қаласы бойынша «Үздік әлеу­меттік жауапты кәсіпорын» номинациясы бойынша 1-орын «BI HoIding» ЖШС және «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кә­сіпорын» номинациясы бойынша 3- орын «Amitech Astana» ЖШС марапатталды.

Айгүл УАЙСОВА

Оставить комментарий

Ваш email не будет опубликован.Необходимы поля отмечены *

*