«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Қоғамдық кеңестің жаңа құрамы

0 32

Қала әкімдігінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес жақында сайланған Астана қаласы қоғамдық кеңесі жаңа құрамының алғашқы отырысы өтті. Жиын барысында кеңестің төрағасы мен хатшысы сайланып, ұйымның алдағы міндеттері белгіленді.

Отырыс тізгінін қолға алған қалалық мәс­лихат хатшысы Жанат Нұрпейісов алды­мен сайлау нәтижелерімен таныс­тырды. «Биылғы 6-19 ақпан аралығында коммерциялық емес ұйымдар өкілдері мен азаматтардан сайлауға қатысу үшін құжаттар қабылданды. Барлығы 47 өті­ніш келіп түсті. Соның ішінде екі кандидат қала аумағында тіркелмегендіктен кон­курсқа жіберілмеді. Сайлау нәтижесінде қоғам­дық кеңеске 25 адам іріктелді. Оның үшеуі – мемлекеттік органдардың өкілдері және жиырма екісі – коммерциялық емес ұйымдардың азаматтары. Кеңес құрамы 6 нау­рызда өткен қалалық мәслихат сес­сия­сының шешімімен бекітілді» деді Ж.Нұрпейісов.
Одан кейін кеңес мүшесі Владислав Сергеев сөз алды. «Мен екінші рет қоғамдық кеңеске сайланып отырмын. Бірінші шақырылымдағы кеңес Сансызбай Есіловтің төрағалығымен өте жақсы жұмыс істеді деп есептеймін. Бірнеше маңызды міндеттер, жобалар жүзеге асырылып, қоғамдық тыңдаулар өткізілді. Сондықтан жаңа құрамдағы кеңестің төрағасы қызметіне Сансызбай Сейітжанұлының кандидатурасын ұсынамын» деді ол. Бұл ұсыныс бірауыздан мақұлданды.
Кеңес хатшылығына Мұхтар Еркетаевты ұсынды. Кеңес мүшелері бұл кандидатураны да қолдады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды