«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

«Қобыланды батырды» жатқа айтады

0 136

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мен «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында айтылған міндеттерді іске асыру мақсатында «Qazaq Epos» ағарту жобасы «Тұлпар мініп, ту алған!» деген байқау жариялады.


Бұл байқау республика бойынша 6-10-сынып оқушылары арасында ұйымдастырылып отыр. Шара аясында қатысушылар тарихымыз­дағы ең көне эпостардың бірі «Қобыланды батыр» жырының Марабай жырау нұсқасын жатқа айтып, жырдың ішіндегі көнерген сөздердің мағынасын ашып, 6-10-сыныптың қазақ тілі мен әдебиеті оқулығы бо­йынша әзірленген сұрақтарға жауап береді.
Байқау еліміздегі 5000 мектептен 50000 оқушы мен 25000 мұғалімді қамтиды. Оған әр мектептен 10 оқушы қатысады. Жоба 3 кезеңнен тұрады: 1-кезең – аудандық, 2-кезең – облыстық, 3-кезең республикалық деңгейде болады. Жеңімпаздарға қомақты қаржылай сыйлық беріледі.
Жоба аясында 107 беттен тұратын «Қобыланды батыр» жырын 50000 оқушыға толық жаттату көзделіп отыр. Өйткені ұйымдастырушылар қол жеткізген нәтижені тарихи белгілеу үшін Гиннесс рекордтар кітабына енгізу жоспарланған.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды