«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

ҚИСЫҚ БІТКЕН БҰТАҚТАЙ…

Аяқтың үлкен бақайының қисық өсіп, тасуы да әйелдердің аяғының сәнін де бұзатын, жүрісін ауырлататын тағы бір кемдік. Мұның медициналық атауы «Hallux Valgus», бақайдың вальгустық, сүйектің қисая бітіп ауытқуы дейді. Оның қисық өсуі тұқым қуалаушылықтан пайда болады. Тар немесе қолайсыз аяқ киім киюдің салдарында да сүйектің тасуына алып келеді.

0 66

Әйелдердің бойындағы гормонды өзгерістер де аяқ буындарының жалғап тұрған сіңірлерін өзгертіп, созылуына алып келеді. Оның да үш сатысы болады. Алғашқысы башпайдың сүйегі 15 градусқа дейін, екінші сатысында 20 градустан 35 градусқа дейін қисық өсіп кетеді.
– Қазіргі күнде вальгус ауытқуларының екінші сатысы басталғаннан сүйектің тұсын кесіп, сүйекті алып тастауға болады. Емнің екінші бір түрінде алынған қисық сүйектің орнына темір бекіткіш салып, орны біткеннен кейін алып тастайды. Имплантат салатын түрі де өте ыңғайлы. Бақайды 1 және 1,5 см етіп тіліп, қисық сүйекті алып тастап имплантат кигізеді. Бұрындары отадан соң гипс тартып, бейнетке қалатын еді. Қазір ойлап тапқан адамның атымен аталатын «Барук» аяқ киімін кигізіп, отадан кейін екінші тәулікте аяққа тұрғызады. Үш-төрт айдан кейін отаның ізі де білінбей, туфли киіп, жақсарып кетеді. Бұл, негізі, адам сымбатына көбірек қатысты ота. Жаздыгүндері аптасына 15-тей адам ота жасатып жатады. Бірден екі аяққа қатар жасалады. Сол себепті мұны екіге көбейтіңіз, – дейді ортопед- травматолог Бақтыбай Атабай.
Біз мақаламызда айтылған екі маманның кеңе­сінің екеуі де әйелдерде жиі кездесетін аурудың түрі. Жүріс-тұрысымыз жеңіл болып, деніміз сау болуы аяқ күтіміне де байланысты.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды