«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Қимас қазына

Жақсыдан қалған жәдігер

0 44

Елорданың іргесіндегі Жібек жолы ауылындағы Иманжүсіп Құтпанұлы атындағы орта мектепте халқымыздың ардақты тұлғасына арналған шағын мұражай жұмыс істейді. Бұған Иманжүсіп атамыздың немересі, философия ғылымдарының докторы Раушан Көшенова бас-көз болып отыр. Осында арқаның асқақ жыршысына қатысты біраз жәдігерлер бар. Солардың ішінен Иманжүсіптің баласы Нұрқанға сыйлаған ертоқымға тоқталсақ дейміз.

Бұл құнды мұра жайында Нұрқан қария­ның қызы Раушан апай әңгімелеп берді.
– Әкем маған көзі тірісінде екі аманат жүктеді, – деп бастады сөзін ол кісі. Біріншісі – әкесінің сүйегі жатқан жерді анықтау, екіншісі – суретін табу. Бүгінде әкемнің осы екі аманатын орындадым. Иманжүсіп атамның үш ұлы, жеті қызы болған. Өзі атылып кеткеннен кейін ұрпақтары да көп қуғын көрді. Әкем өз әкесінен он жасында жетім қалды. Содан бас сауғалап Өзбекстанға барады. Сол жақтан майданға алынып, соғыс біткеннен кейін, яғни 1946 жылы ғана елге оралып, туыстарын іздеп, тауып алады.
Менің әкем – Иманжүсіп атам алпыс жастан асқанда өмірге келген. Сондықтан ол кісі кенже ұлы дүние есігін ашқанда үлкен той жасайды. Балама деп бір шеберге бар жабдығымен ертоқым жасатқызады. Бұл ертоқым – сол. Кейін алай-дүлей уақыт туады. Бірақ ертоқымды әкемнің туған ағасы Сейітқан көкем сақтап қалып інісіне береді. Содан бері бұл жәдігер біздің үйдегі қимас қазынамызға айналды. Әкем 1996 жылы өмірден озды. Кейін бауырым Сейітбек ертоқымды, жүгені, жабуымен бірге атам мектебінің төрінде тұрсын деп мұражайға сыйлады, – деді Раушан Нұрқанқызы.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды