«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

«Қазбат» көрерменге жол тартты

0 17

Қазақстандық әскерилердің тәжік-ауған шекарасында басынан өткерген шынайы оқиғасын баяндайтын «Қазбат» көркем фильмі көрермендерге жол тартты.Отандық туындыда Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 7 сәуір күні Тәжікстанда болған қақтығыста бітімгерлік миссия­сын атқару кезіндегі оқиғалар суреттеледі. Ішкі әскердің 7-ші жиынтық ротасы Пшихавр шатқалында торуылға тап болып, іргелес жақтың содырларымен теңсіз ұрысқа түсті. Сол ұрыста 17 адам қаза тауып, 33 адам жараланды.
«АЮ СИНЕМА» компаниясының бас продюсері ­Данияр­ Ибрагимовтің айтуынша, түсірілім үш мекенде – Алматы облысында, Қаракемер әскери бөлімшесінде және Шарын шатқалындағы Іле өзенінің жағасында өткен. Кинода шынайы қару-жарақ пен үш әскери ұшақ пайдаланылған. Әртістер түсірілім барысында нағыз әскери дайындықтан өткендерін, қатаң тәртіп пен казарма өміріне үйренгендерін айтты.
– Әскери тақырып әрбір ер-азамат үшін қызық деп ойлаймын, осы жобаға түсуге келіскенім де сондықтан еді. Дос­тық пен патриотизмге шақыратын фильмдер көптеп шығуы керек. Бұл мен үшін эмоциялық тұрғыда да, физикалық жағынан да ауыр рөлдердің бірі болды, – дейді актер Дәурен Серғазин.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды