«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Қазақстандықтар қанша елге визасыз бара алады?

0 34

Еліміз Төлқұжаттар индексінде 67-орынға көтерілді деп хабарлады ҚазАқпарат.

Henley & Partners компаниясы 8 қаңтар күні Төлқұжаттар индексі­нің жаңартылған нұсқасын жария­лады. Рейтинг визасыз тәртіпке енгізілген соңғы өзгерістерден құ­растырылады. Сонда мәлім болған­дай, бүгінде Қазақстан азаматтары әлемдегі 76 елге визасыз бара алады.
Рейтинг басында Жапония тұр. Жапондықтар визасыз 190 елге саяхаттай алады. Одан кейінгі орындарда Оңтүстік Корея мен Сингапур (189 ел) тұр. Үздік үштік қатарына Германия мен Франция (188 ел) енген.
Ресей – 48-орында (119 ел), Украина – 41 (128 ел), Беларусь – 66 (77 ел), Әзербайжан – 74 (66 ел), Өзбекстан – 80 (56 ел), Қырғызстан – 76 (64 ел), Тәжікстан – 80 (56 ел) және Түрікменстан 85-орында (53 ел).
Henley & Partners компаниясының Төлқұжаттар индексі Халықаралық әуе көлігі қауымдастығымен (IATA) ынтымақтастықта 2006 жылдан бері жарияланып келеді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды