«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Қазақстандықтар – 18,43 миллион

0 26

2019 жылдың 1 ақпанында Қазақстан халқының саны 18 млн 431,5 мың адамға жетіп, 2018 жылдың 1 наурызымен салыстырғанда 235,7 мың адамға, 1,3 пайызға өсті. Бұл жайында ҚР ҰЭМ Статистика комитетінен мәлім етті.

Аталған кезеңдегі қаладағы халық саны 10 млн 721,5 мың адамды немесе жалпы халық санының 58,2 пайызын, ал ауыл халқы 7 млн 710 мың адамды немесе 41,8 пайызды құрады.
Осы жылдың қаңтар-ақпанында өткен жылдың қаңтар-ақпаны­мен салыс­тырғанда Қазақстанға келушілердің саны 16,2 пайызға, кету­шілердің саны 16,2 пайызға артты. Негізгі миграциялық алмасулар ТМД елдеріне тиесілі. ТМД елдерінен келгендердің үлесі 85,5 пайызды және аталған мемлекеттерге кеткендер саны 89,5 пайыз болды. Ел аумағынан тысқары кеткен мигранттар саны 3,7 пайызға артты. Өңіраралық қоныс аударуда көші-қонның оң сальдосы Батыс Қазақстан (7 адам), Маңғыстау (69), Түркістан (142) облыстарында және Нұр-Сұлтан (4146) мен Алматы (4 632) қалаларында тіркелген.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды