«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Ресейге ресми сапармен барды

0 22

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кеше Ресей Федерациясына ресми сапармен барды.

Сапар барысында Қазақстан басшысы Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер өткізеді. Мемлекет басшылары арасындағы келіссөздерде мәдени-гуманитарлық, саяси, сауда-экономикалық, сондай-ақ өңірлік және халықаралық тақырыптағы өзекті мәселелер қамтылады.
Ресми сапар барысында мемлекеттер басшылары бірқатар екіжақты құжаттарға қол қояды және сапар қорытындысы бойынша бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін бірлескен мәлімдеме жасайтыны жоспарланған.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды