Четверг, 17 Август 2017
-->

ҚАЗАҚСТАН КУБОГЫН «АСТАНА» АЛДЫ

1489336133_8-2-asli

Бұрнағы күні баскетболдан Қазақстан Кубогының иегері белгілі болды. Ақтық сында «Астана» мен «Атырау барыс­тары» командалары кездесіп, нәтижесінде елордалықтардың мерейі үстем болды.

Алғашқы айналымнан-ақ «Астана­ның» арыны қатты екені аңғарылды. Командасын алдымен алға шығарған Антон Пономарев болды. Бірақ бұл есепті «Барыстар» артынша теңестірді. Әйткенмен, екпінді елордалықтар ойынның бірінші жартысында қарсы­ластарынан 10 ұпай артық болды.
Есеп – 8:18.
Екінші айналымның 4-інші мину­тында Рүстем Мырзағалиев командасына тағы да 3 ұпай сыйлады. Аты­раулықтар да жауапсыз қалмады. Есеп 24:33 болып еселенді.
Аздап тынығып алғаннан кейін паркетке қайта шыққан баскетбол­шылардың жеңіс жолындағы тартыстары қыза түсті. Үшінші айналым 38:47 есебімен аяқталды.
Қорытынды кезеңде екі жақ та аянып қалмады. Кубокқа бір қадам қал­ғанда басып озуға барын салған «Атырау барыстарының» ұмтылысына қара­мастан, елордалықтар екілене түсті. Ұпай айырмашылығын 10-нан 20-ға дейін арттырып тастады. Жалпы есеп – 46:66. Осылайша, алға әлдеқайда ұзап кеткен «Астана» жеңісті жұлып алды.
Біріншіліктің нәтижесінде ойыншы­лардың үздік бестігіне «Астана» сапынан үш баскетболшы енді. Олар – Рүстем Мырзағалиев, Рустам Ерғали және Антон Пономарев.

Орынбек ӨТЕМҰРАТ

Оставить комментарий

Ваш email не будет опубликован.Необходимы поля отмечены *

*