ҚАЗАҚ РУХАНИЯТЫН ҰЛЫҚТАЙМЫЗ

Биылғы жылды тағы бір мерейлі мезетпен қарсы алып отырмыз. Мезет дейтін себебіміз, халыққа қызметіміздің 20 жылы уақыт өлшемімен салыстырғанда тек бір ғана белесті көрсетсе керек. Алда тынымсыз еңбек пен шығармашылық ізденістерге толы жылдар тұр. 


Академия ашылған күннен-ақ бағытын анықтап, еліміздің барлық облыс­тары мен аймақтары­нан келген дарынды бала­ларға қолдау көрсету, өнер шеберлерінің жаңа толқын буынын жан-жақты білім беріп, тәрбиелеу үшін қажетті жағдайлар туғызуды қолға алды. Отандық педагогиканың ең үздік дәс­түрлері, әлемдік білім беру үдерісінің заманауи жетістіктерімен біріктіріліп, профессор-оқытушылар құрамы іске кірісіп кеткен болатын.
Н.Ә.Назарбаев Академияның 1998 жылғы 2 шілдеде өткен салтанатты ашылуына қатысса, ал 2000 жылы Пре­зидент қайта жөндеуден өткен бас ғимаратын барып көрді. ҚР Президенті және ҚР Үкі­­метінің қолдауымен жаңа оқу ғимараттары са­лынды. 2005 жылы Орган залы ашылды. «Hugo Mayer Organ Construction» неміс фирмасының органы қолдануға берілді. Орган залындағы тұрақты өтіп жүрген концерттер жоғары оқу орнына елорда мен республиканың мәдени орталығы мәртебесіне қол жеткізді.
2009 жылы елордада өнердің барлық түрін дамыту мақсатында Қазақ ұлттық музыка академиясы Қазақ ұлттық өнер университеті болып қайта құрылды. Университет осы жылдар ішінде музыкалық өнер саласындағы 500-ден астам халықаралық конкурстар мен 300-ден астам республикалық конкурстардың лауреаттарын дайындады.
Алдағы жылдары да өнердің талантты жұлдыздарын жарқыратып, халқымыздың руханиятын жаңа белеске көтеруге атсалысамыз.

Айман МҰСАҚОЖАЕВА,
Қазақстанның Еңбек ері,
Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры

Сонымен қатар

ҚОС ДАРЫНҒА ҚОШЕМЕТ

Еліміздің іргелі оқу орны – Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде белгілі жазушы, кинодраматург, «Дарын» мемлекеттік …

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған