Пятница, 22 Сентябрь 2017
-->

Қазақ кітаптары – латын әліпбиінде

Кеше «Қазақ­стан-2050» жалпы­ұлттық қозғалысы ҚР Ұлттық академия­лық кітапханасы­мен бірлесіп, «Men qoldaimyn» шарасы аясында «Qazaq kitaptary 1929-1940» атты латын әліпбиі­мен жазылған кітаптардың көрмесін ұйымдастырды. Ша­раға аталмыш қозғалыс кеңесінің төрағасы Мұхтар Манкеев және кітапхана директорының орынбасары Әлия Қо­жабекова қатыс­ты.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында айтылғандай, қазақ әліпбиін латын әліпбиіне көшіру бастамасына қолдау білдіру мақсатында ұйымдастырылған көрмеге қазақ зиялы қауым өкілдерінің 1929-1940 жылдары шыққан еңбектері қойылды. Сонымен қатар оған келгендер шетелдік ақын-жазушылардың еңбектерімен танысты.

Елбасы: «Латыншаға көшудің терең логикасы бар. Бұл қазіргі заманғы технологиялық ортаның, коммуникацияның, сондай-ақ, ХХІ ғасырдағы ғылыми және білім беру процесінің ерекшеліктеріне байланысты» деп атап өткен болатын.

Латын әліпбиі негізіндегі қазақ әліпбиін жасау идеясын отандық ғалымдармен қатар шетелдік ғалымдар қолдады. Қазіргі уақытта қоғам талқысына кеңінен салынып, халық тарапы­нан қолдау тапқан бастамаға «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысы да үн қосып отыр.

Аманғали
Қалжанов

Print Friendly, PDF & Email
www.pdf24.org    Отправить статью как PDF   

Оставить комментарий

Ваш email не будет опубликован.Необходимы поля отмечены *

*