«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Қарттарымыз – қазынамыз!

0 21

1 қазан – Қарттар күні. Бүгінгі таңда Нұр-Сұлтан қаласында 80 мыңнан аса зейнеткер тұрып жатыр. Олардың ішінде Ұлы Отан соғысының 57 майдангері, сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі 25 мың қария бар.

Нұр-Сұлтан қаласының қарттарына бір күн емес, бір ай бойы құрмет көрсетіледі.
1 қазан күні «Астана» концерт залында ардагерлер шығармашылық ұжымдарының қатысуымен мерекелік концерт өтеді. Сондай-ақ фотокөрме, флешмоб, экскурсия ұйымдастырылады. «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында «Қарттарым – асыл қазынам» атты концерт өтеді. 3 қазанда ТЖД қызметкерлері мен хореография академиясының мамандары «Шарапат шақырады» атты мерекелік концертін ұсынады. 8 қазанда «Қазақконцерт» ұжымы «Сіздерге мың тағзым» концерттік бағдарламасын қояды. 1-3 қазан аралығында елордалық қарттар үшін Ұлттық музей мен Тұңғыш Президент музейіне, 7-9 қазан аралығында қаланың көрікті жерлеріне экскурсия ұйымдастырылады. 15-17 қазан аралығында Қ.Қуанышбаев атындағы академиялық қазақ музыкалық драма театры мен М.Горький атындағы орыс драма театрының спектакльдерін тамашалайды. Сондай-ақ 23 қазанда қарияларға кинокөрсетілім ұйымдастырылады.
Мереке аясында елорданың дәмханалары мен мейрамханаларында Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл ардагерлерінің қатысуымен бірқатар шаралар өткізіледі. Қаланың барлық мектепке дейінгі ұйымдары, мектептері, колледждері мен ЖОО-дағы оқушылар, студенттер мен ұжымдар педагогикалық еңбек ардагерлерімен, ал медициналық ұйымдарда денсаулық сақтау саласының ардагерлерімен кездесу өткізіледі.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды