«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

ҚАРТТАР – ҚАЗЫНАМЫЗ

0 76

«Нұр Отан» партиясының өкілдері «Ардагерлерді ардақтайық» атты сауапты жобаны қолға алды. Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен қарт адамдарды құрметтеу, жастарға патриоттық тәрбие беру мақсатында құрылған бұл жоба аясында партияның Астана қалалық филиалы да тәлімді іс-шаралар ұйымдастыруда.

Жақында «Нұр Отан» партиясының Есіл аудандық филиалы Ұлттық ұланның елордалық базасында 800-ден аса адамның басын қосқан ауқымды іс-шара өткізді. Оған Ұлы Отан соғысының ардагерлері, Ұлттық ұланның Бас қолбасшылығы, 5573 әскери бөлімінің жеке құрамы, әскери-патриоттық клубтар, Астана қаласы мәслихатының депутаттары, Есіл ауданындағы мектептердің жоғары сынып оқушылары және №6 кәсіптік-техникалық колледж бен Инновациялық технология колледжінің студенттері қатысты.
Жиын барысында жас буын батыр аталарына арнап жүрекжарды жыр шумақтарын арнады. Сонымен қатар, жауынгерлер туралы 70-ке жуық фильмнен алынған үзінділер көрсетілді. Бұдан бөлек, елордалық оқу орындары мен еңбек ұжымдарына патриоттық сынып сағаттарын өткізу үшін 100-ден аса дискі таратылды.
Аталған жоба бойынша Астана қаласы мен аудандарының Ардагерлер кеңесі, Ауған соғысының ардагерлері мен мүгедектері кеңесі, Ардагерлердің «Честь» жылдам қызметі, этностық орталықтар, қоғамдық бірлестіктер жұмыс істейді.

Ақерке БЕРЛІБАЙ,
«Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалының
баспасөз хатшысы

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды