«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Қарияларға тегін қызмет көрсетті

0 11

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы елорда әкімдігінің «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында тегін маникюр және шаштараз қызметтерін ұйымдастырды.

Бұл шара «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылып отыр. Оқуға қатысушылар қариялардың шашын қиып, маникюр жасап, оларға жағымды көңіл-күй сыйлады.
Нұрлан Исекеев, Нұр-­Сұлтан қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы директорының орынбасары:
– Біздің орталық арқылы «Еңбек» бағдарламасымен шаштараз, маникюр, педикюр бойынша кәсіптік қысқа мерзімді оқу оқып жатқан жастар қарттар үйі­не келіп қарияларға тегін әлеуметтік қызмет көрсетті. Мекемені өзіміз таңдадық, басқа да әлеу­меттік мекемелерге баруды жоспарлап отырмыз. Олар «Тамсан» оқу орталығында оқығанын практика жүзінде іске асырады.
– Қазіргі уақытта «Шарапат» орталығында 324 адамға қыз­мет көрсетілді, оның ішінде 1-нші, 2-інші топ мүгедектері бар, Отан соғысы ардагерлері мен соған теңестірілгендер, тың игерушілер бар, қимыл-­қозғалыссыз қалғандар саны жүзден асады.

Жадыра МҰРАТБЕКОВА

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды