«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

«Қаракөз» қара үзді

0 56

Бәйге десе делебесі қозатын Алаш жұрты елорда тойында тұлпарлар дүбіріне көз тікті. Сәйгүліктердің шабысына тамсанған жанкүйерлер «Қазанат» атшабарына лық толды.

Астананың 20 жылдығына арналған 25 шақырымдық аламан бәйгеде 17 сәйгүлік өзара бақ сынасты. Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген арғымақтар, аттың басын жіберген шабандоздар «Қазанатқа» жиылған меймандарды қиқуға бастырды. Атой салған астаналықтар үшін бұл есте қаларлық аламан болды.
Дүбірлі додада алдына қара салмаған батысқазақстандық Бекзат Сәдуақас есімді шабандоздың тақымындағы «Қаракөз» атты сәйгүлік мәреге бірінші болып жетті. Екінші орынды Қарағанды облысының «Бұйражал» атты тұлпары еншілесе, үшінші орын Алматы қаласынан келген «Верный» атты сәйгүлікке бұйырды.
Ал «Астана кубогының» 16 шақырымдық бәйгесінде Алматы облысының «Мұрагер» атты сәйгүлігі (шабандозы Ақжол Жұматай) бірінші орынды қанжығалады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды