«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

ҚАР ТАЗАЛАУ ТОЛАССЫЗ ЖҮРІП ЖАТЫР

0 49

Өткен аптадан бері елордада күннің  райы мың құбылып тұр. Жексенбіде  қалың қар жауып, оның соңы жаяу бұрқасынға ұласты. Қаланың ішіндегі жолдың бойы сірескен қарға толды.  Соның әсерінен дүйсенбіде  көліктерге кептеліс туып, біраз қызметкерлер жұмыстан кешіккен еді.

erm_0708

Алайда, елорданың коммуналдық кәсіпорынның қызметкеткерлері өткен аптадан бері күшейтілген тәртіпке көшкен. Кеше түнде Астана қаласының әкімі Әсет Исекешевтің өзі  рейдке шығып,  қаланы қардан тазалау жұмыстарын аралады. Журналистерге осы бағытта атқарылып жатқан шаралар жайында  ақпарат берді.

 – Бізде жедел штаб тобы құрылды, – деп бастады сөзін Астана әкімі. – Бүгінде олар  тәулік бойы жұмыс істеуде. Мәселен, «Астана тазалық» кәсіпорны жолдарға, жаяу жүргіншілер өткелі мен әлеуметтік нысандарға жауап береді.  Ал әрбір ауланы  пәтер иелері кооперативтерінің адамдары тазалайды.  Екі күн бойы қалың қар жауғанын көріп отырсыздар.  Сондықтан, қазір басты міндетіміз қоғамдық көліктер жүретін жолдағы қардағы тазартып, оларға ешқандай қиындық туғызбау қажет, – деді ол. Сондай-ақ, қала басшысы:  «біз қысқы мезгілге мұқият дайындалдық.  Әкім болып келгелі алғашқы қыс болса да, мен бұған сабырмен қараймын» деп риясыз жауап берді.                                            Сонымен бірге рейд кезінде елорда әкімі республика даңғылының бойындағы қарды тазалап жатқан техникалардың жұмысын көрді. Қала басшысына Сарыарқа және Алматы аудандарының әкімдері өздерінің аумақтарына қарасты қар тазалау шаралары бойынша  қысқаша мағлұмат берді.

erm_0676

«Бүгінгі түнгі ауысымда көптеген арнаулы техника жұмыс істеп жатыр. Биыл қар қалың түсті. Мен 2000 жылдан бері елорданың коммуналдық шаруашылық саласында қызмет істеп келемін. Дәл осындай қар 2003 жылы жауған еді. Енді, міне, сол жағдай биыл қайталанып отыр» дейді қала әкімінің орынбасары Қосман Айтмұхаметов

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды