«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Қар адамы шынымен бар ма?

0 98

Бірнеше жылдың алдында «Шығыс Қазақстан облысында қар адамы тұрғындардың малын ұрлап әкетіп жүр» деген хабар таралғаны белгілі.

Осыдан көп өтпей «қар адамын іздеу экспедицияларына» қатысқан ресейлік танымал криптозоолог Игорь Бурцев «Жамбыл облысында қар адамы мекендейді, оған жергілікті тұрғындар тамақ берген» деп айды аспаннан бір-ақ шығарды…
Тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде қар адамы туралы аңыз, әңгімелердің айтыла бастағанына бір ғасырдан асса да, оның сыры әлі күнге дейін ашылған жоқ.
Әлемде Қар адамы туралы ең алғашқы ақпарат 1889 жылы тарады. Осы жылы Ұлыбритания құрлық армиясының бір офицері Гималай тауының батыс терістігінен, теңіз деңгейінен 1500 метр биік өңірден адамның жалаң аяқ ізіне ұқсайтын өте үлкен ізді байқайды. Осыдан кейінгі 50 жыл ішінде аталған өңірде 3 рет қар адамы байқалған. 1951 жылы ұлыбританиялық альпинист Гималай тауынан тұңғыш рет қар адамының ізін суретке түсірді. Бүл іздің ұзындығы – 33 сантиметр, ені де 20 сантиметр­ге таяу болған.


1986 жылы австралиялық альпинист Мишина Тибет үстіртінің шығысында қар адамымен бетпе-бет кездесіп қалған. Алайда ол 2000 жылы баспадан шығарған қар адамы жөніндегі зерттеу еңбегінде қар адамын сирек кездесетін қоңыр аюдың бір түрі деп қорытынды шығарған.
2003 жылы қар адамы жөніндегі шындықтың беті тіпті ашыла түсті. Атап айтқанда, Сібірмен түйісіп жатқан Алтай-дың қарлы тауларындағы үң-гірлердің бірінен түк басқан жүнді білек табылған. «Бұл қар адамнының білегі» деп тұрақ­тандырған ғалымдар оның адам­затпен көптеген ұқсастығы бар­лығын байқаған. Қар адамы жө­ніндегі жалғыз ғылыми дерек – осы.
Қазақ даласында бұрын кісі­киік болған. Адам сияқты, тұтас денесін түк басқан бұл мақұлық Жоңғар ойпатында көп болғанға ұқсайды. Мал отарлатып барған жылқышылардың азығын ұрлап тоқтатпайтын кісікиікті 1860 жылға дейін көрген адамдар да көп. Мүмкін, әлем қар адамы деп шулап жүргені сол кісікиік шығар, кім біледі?..

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды