-->

ҚАҢТАРДАҒЫ КЕЛЕЛІ КЕЗДЕСУ

Бүгінде жалпақ әлемді Сирия мәселесі қатты алаңдатып, ондағы жағдай күннен-күнге ушығып, қарапайым халық ауыр азапты бастан кешуде. Сондықтан көп мемлекет Сириядағы соғысты тоқтатудың түрлі жолдарын қарастырып, аталған проблеманы парасатты шешудің жолдарын іздестіруде. Астанада өтетін  Сирия мәселесін реттеуге арналған келіссөздерге де үлкен үміт артылып отыр. Осы мақсатта айтылған тақырып бойынша белгілі саясаттанушы мамандардан пікір алған едік.

abdizhalel-bakir

Әбдіжәлел Бәкір, саяси ғылым­дарының докторы, профессор

– Қазақстан ке­йінгі кезде ел ара­сын­дағы
мәмі­легерлік, бітім­­гер­шілік жағдайға жиі барып жүр. Бұл жайдан-жай
емес. Белгілі жағ­дайда бұл еліміздің дүние­жүзілік дәрежедегі беделі мен Елбасының үлкен қайраткерлігі және әлемдік лидерлер арасындағы өзіндік орнына байланысты деп ойлаймын. Ұлы ғалым Шоқан Уәли­ханов:
«Қазақ – бейбітсүйгіш халық» деп айт­қан екен. Біз сол тегімізге тартып тұрамыз. Тәуел­сіздік алғаннан кейінде осы асыл қа­сие­­тімізді одан әрі дамыта түстік. Мем­ле­кеті­міздің ел араларындағы түсініс­пеушілік пен түрлі қақтығыстар болып жат­қан жағдайда соған мәмілегерлік жасауға, елі­міздің 25 жылдық тәуелсіздік тарихында құқығы мен ақыл-пара­саты да жетеді деп санаймын. Сондықтан Сирия мәселесіне бітімгершілік жасап, келіссөзде үлкен сенімге қол жеткізіп жатсақ, біздің елі­міздің абыройын әлемдік деңгейде көтеретін фактор болатынына сенімім мол.

0a603cdb4cf4da23173fa583816

Расул Жұмалы, саясаттанушы

– Бүгінде Сирия жағдайы ғаламдық
дең­гейдегі өзекті, өткір тақырып саналады. Өкінішке қарай, ондағы аза­маттық соғыс тек Сирияны
ғана емес, Таяу Шығыс айма­ғы­мен
шектелмей, миграция және күшті әрекеттер арқылы лаңкестік оқи­ғалардың көбеюімен бүкіл әлемге кері
әсерін тигізуде. Сондықтан осы мәселені оң шешуге халық­аралық ұйымдар мен ірі мемлекеттер мейлінше мүдделілік танытып, ынта білдіріп отыр. Астанада өтетін аталған тақырыпқа байланысты кездесудің халықаралық та, саяси да маңызы зор.
Бір жағынан, Қазақстан үшін халықаралық дәрежеде мәмілегерлік жасап, келіссөз жүргізуі абырой деп ойлаймын. Бес жыл бойы жалғасып келе жатқан шиеленіс барысында көптеген әрекеттер болды. Мәмілегерлік, бәтуға келу секілді кездесулер бұған дейін де өткен еді. Бірақ бірде-бір ауыз толтырып айтарлықтай келісімге келе алмады. Оның бірнеше себептері бар. Оған ресми биліктің өкілдері мен шектелген зайырлы оппозиция деп аталған қозғалыстар қатысты. Ал негізгі Сириядағы қарсы күштер мұндай келіссөздерге ешқашан қатысқан емес. Сондықтан олардың қатысуы да неғайбыл, өздері де ондай келісімдерге қатысқысы жоқ. Оларды қатыстыруға заңдық мүмкіндіктер де шамалы, барлығы дерлік лаңкестік ұйымдар саналады.

Азамат ЕСЕНЖОЛ

Жауап қалдыру

Сіздің email-адресіңіз жарияланбайды.Қажетті өрістер таңбаланған *

*