Вторник, 25 Июль 2017
-->

ҚАНДАЙ МАМАН ТАПШЫ?

Қалалық Жұмыспен қамту орталығы Астанаға қандай мамандар керектігін жария­лады. Елорда бұрынғыдай жұмысшы мамандықтарға зәру.

Рейтинг бойынша қала­мызға керек ең қажетті маман­дық­тардың көшін құры­лыс­шылар бастап тұр. Бұл ма­ман­дық ие­леріне биылдың өзін­де түрлі қалалық кәсіпорын­дардан 3 мыңға жуық сұраныс түсіпті. Бұл сұраныс алдағы уақытта да тұрақты болады деген болжам бар.

Сонымен қатар, қаламыз бойынша әртүрлі жұмыстарды атқаратын адам­дарға қажет­тілік екі есеге аз болса да, бұл кәсіп тапшы мамандықтар рейтингінің екінші орнында тұр екен. Жыл басынан бері 1,7 мың бос орын болған. Қажетті маман иелерінің қатарында үшінші болып медицина қызметкерлері тұр. Жыл басынан бері Жұмыс­пен қамту орталығына абзал жандарға жұмыс берушілерден 705 сұраныс түскен. Ақ желеңділерге деген сұраныс алдағы жылдарда да тұрақты түрде артып отыратын болады. Бұған қоса, елордада ас үй жұмысшыларына, менеджерлерге, еден жуушыларға, монтаждаушыларға, жүргізу­шілер мен ағаш шеберлеріне де сұраныс тұрақты.

Одан бөлек, әкімшілер, кондитерлер, аспазшылар, күзетшілер мен тігіншілерге де бос орындар жетерлік. Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында Астана қаласында жұмыссыздық деңгейі 4,6 пайызды құраған.

Дәл қазір «қайығы судан өткен» талапкерлер болашақ мамандықтарын таңдау үс­тінде. Сондықтан, міндетті түрде жоғары білімді маман болу керек деп жанталаспай, ең алдымен, қоғамға қажетті білікті маман болу маңызды екенін ескеру де қажет секілді.

Гүлжан  Рахман

Оставить комментарий

Ваш email не будет опубликован.Необходимы поля отмечены *

*